ДИКТОР: Ақмола облысында елордаға жақын орналасқан елдімекендерді орталықтандырылған газбен қамтуға байланысты жұмыс жүйелі. Қазірдің өзінде 25 елдімекеннің тұрғындары табиғи газдың игілігін көріп отыр. Бұл жұмыстардың басты мақсаты «Сарыарқа» магистральды газ құбырының бірінші кезеңіне қосу және тұрғындардың көгілдір отынға қолжетімділігін қамтамасыз ету.
РКС: Облыс бойынша 30 мың абонент орталықтандырылған газбен қамтылды. Жыл басынан бері 1,5 мың шақырым шақырым газ құбыры тартылды. Аршалы ауданы бойынша 17, Целиноград ауданының 7 ауылы мен Қосшы қаласы табиғи газға қосылды. Жобаны жүзеге асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, сонымен бірге қатты отыннан бас тарту арқылы экологиялық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.
СНХ: ЖАСҚАЙРАТ САДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: В Жыл басынан бері 925 шақырым газ тарату желісі тартылды. Соның арқасында 77 мыңнан астам тұрғыны бар 8 ауылға көгілдір отын жетті. Келер жылы 100 мыңнан тұрғынды қамтитын 7 елдімекенге газ тарту жоспарда бар. Үш жоба дайындалды, елдімекендерге газ тартуға қатысты тағы 8 жоба әзірленіп жатыр.
РКС: Жылумен қамту мәселесі облыста ерекше бақылауда. Ақмола облысында коммуналдық 90 қазандық жұмыс істеп тұр. Жылу беру маусымына дайындық кезеңінде аймақтың 10 ауданында 60-қа жуық қазандық ауыстырылды. Бұл өз кезегінде жылумен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырып, қыс мезгілінде апатты жағдайларды біршама төмендетуге ықпал етті.
СНХ: ТЕМІРЛАН ТІЛЕУЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Сондай-ақ бес жоба жүзеге асырылды. Көкшетауда күл үйіндісін қоймалжың жеткізгіш тостаған, мониторинг эмиссиясының автоматтандырылған жүйесі, сондай-ақ технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі жаңартылды. Ақкөл қаласында 60 пәтерлі жаңа 4 тұрғын үйге қазандық, Ерейментау қаласында № 5-ші қазандықтың қосалқы желісі салынды. Жылу желісі бойынша айтсақ, Көкшетау, Степногорск және Атбасар қалаларында 20 шақырымнан астам жылу желісі жаңартылды.
РКС: Электр желілерінің шаруашылықтарын жаңғырту жұмысы да қатар жүргізілуде. Жыл басынан бері өңірде 3 мың шақырымнан астам электр жеткізу желісі жөнделді. Соның арқасында электр желілерінің тозу деңгейі 65-тен 62 процентке төмендеді.
СНХ: ТЕМІРЛАН ТІЛЕУЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Жыл соңына дейін 5 жоба бойынша 165 шақырым электр желісі қолданысқа енгізіледі. Оның бәрі елордаға жақын Ақмол, Қаражар, Жалтыркөл, Жібек жолы ауылдары мен Қосшы қаласында. Бұл жобалар жүзеге асырылса елордаға жақын аймақтағы 30 мыңнан астам тұрғынды үздіксіз жарықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Екіншіден, электр энергиясының тарифі 12 теңгеге арзандайды.
РКС: Облыс аумағында инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қатысты жұмыстар кезең-кезеңімен әрі жүйелі түрде жүріп жатыр. Кей кемшіліктер мен өзекті мәселелер бейінді қызметтердің бақылауында. Оның бәрі уақытылы шешілуде.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ