ДИКТОР: Ғажайыпқа толы Жаңа жыл. Көкшетауда ерекше сән-салтанатпен дәстүрлі Президент шыршасы өтті. Жаңа жылдық думанға өңірдің әр түкпірінен келген 200-ге жуық дарынды оқушы қатысты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Залға кірген сәттен-ақ мұнда ерекше сиқырға толы атмосфера сезіледі. Кішкентай қонақтар ертегі кейіпкерлерінің кейпіне еніп, көздің жауын алатын жарқыраған костюмдерін киіп келген. Әрине... Бұл күнді олар асыға күтті. Олардың барлығы – білімде озат, спорт пен өнерде биік жетістіктерге жеткен белсенділер. Солардың қатарында Бұланды ауданынан келген Кәусар Махамбет те бар. Жас дарын математика пәнінен облыстық және республикалық олимпиадаларда топ жарып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.
СНХ: КӘУСАР МАХАМБЕТ, 5-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ (БҰЛАНДЫ): Мен үшін осы жыл өте көңілді, қызық өтті. Маған осы жыл өте қатты ұнады. Себебі мен осы жылдары көптеген жетістіктерге жеттім. Бүгін де мен өте қуаныштымын. Себебі жан-жағымдағы барлығы көтеріңікі көңіл-күйдегі адамдар. Безендірулер де өте керемет. Түрлі концерттер ұйымдастырылуда. Жаңа жылмен сіздерді баршаңызды құттықтаймын! Келер жылға менің мақсатым сабағымды жақсы оқып, ата-анамды қуанту.
РКС: Бурабай ауданынан келген Ілияс Дарын үшін де биыл жетістікке толы жыл болды. Ол ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған республикалық әдеби байқаудың жеңімпазы атанған екен. Бұған қоса, ол математика, инженерия және заманауи технологияларға ерекше қызығушылық танытады. Жас өреннің арманы да асқақ. Болашақта жасанды интеллект саласының білікті маманы болуды армандайды.
СНХ: ІЛИЯС ДАРЫН, 7-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ (БУРАБАЙ): Мен өте қуанышты және көңіл күйім өте жоғары болып тұр. Осы Жаңа жыл маған өте қатты ұнап жатыр. Келесі жылы тағы да қатысамын деген ойдамын. Бүкілін Жаңа жылмен құттықтаймын.
РКС: Мерекелік шара барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов кішкентай қонақтарға мемлекет басшысының жылы құттықтауын жеткізіп, аймақ мақтаныштарының жетістіктерін атап өтті.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ең бастысы, еліміздің болашағы – сіздерсіздер. Балалар бар жерде әрқашанда береке, жақсылық бар. Әр ата-ананың үлкен үміті - балалары аман-есен болып, жақсы тәрбие алып өссе екен деп. Өйткені ертеңгі елдің іргетасы , болашағы –сіздерсіздер! Мемлекет басшысы әрқашан елдің болашағын ойлап, бүгін балаларға бүкіл жағдай жасап отыр.
РКС: Жалпы мерекелік шараға 9-13 жас аралығындағы 200-ге жуық оқушы қатысты.
СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл 200-балаға тең мүмкіндіктер, әр санаттағы балалар қамтылған. Дарынды да талантты, жетім санатындағы балалар, сонымен қатар көпбалалы отбасындағы балалар бір жерде осындай керемет, таңғажайып іс-шарамызға қатысып отыр.
РКС: Ерекше сиқырлы атмосфера, театрландырылған қойылымдар мен ертегі кейіпкерлерінің өнері балаларды қиял әлеміне жетелеп, шат күлкі мен қуанышқа бөледі. Әр оқушыға сый-сияпатқа толы қоржын мен ақшалай сертификат табысталды.
ИНТЕРШУМ:
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ