ДИКТОР: Қосшы қаласының шаһар мәртебесі берілгеннен кейінгі 4 жыл ішінде инфрақұрылымы қарқынды дамуда. Келер жылы заман талаптарына сай жаңа емхана салынады. Сонымен қатар тағы бір мектеп құрылысы көктемде қолға алынады. Бұдан бөлек 400 орынға шақталған Мәдениет Сарайы да салынбақ. Адам капиталына инвестиция салу, азаматтардың әл-ауқатын арттыру мемлекет саясатының басты бағыттың бірі. Биыл «Ынтымақ» тұрғын-үй кешені бой көтеріп, пайдалануға берілді. Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласы бойынша кезекте тұрған 60 отбасына жаңа пәтердің кілтін табыстады. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: Тұрғын үйді бөлу жаңа ережелер бойынша өткізіліп жатыр. Қазір баспананы беру функциясы «Отбасы банкке» берілді. Салтанатты шараға аталған банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қатысты. Жаңа пәтерлердің кілті көпбалалы отбасыларға және әлеуметтік осал топ санатына жататын азаматтарға берілді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Президенттің қолдауымен, Президенттің саясатының арқасында біраз әлеуметтік, спорттық нысандар бой көтеріп жатыр. Қосшы қаласында биыл жақсылыққа толы жыл болды. Биыл газ келді қалаларыңызға. Қазір Сіздерге баспананың кілтін табыстайтын ғимарат та биыл бой көтеріп, есігін ашты. Бүгінгі таңда Қосшыларың ең бір сүйікті орталығына айналып келе жатыр. Екі жылдың ішінде Қосшының мұқтаж отбасылары 800-ге жуық баспанаға ие болды.

РКС: Биыл өңірде мыңнан астам мұқтаж азамат, көпбалалы отбасы жаңа баспанаға ие болды. Оның 400-ден астамы Қосшы қаласының тұрғыны. Жаңа пәтердің кілтін алған 7 баланың анасы Перизат Нұржанова көптен күткен сәттегі қуанышымен бөлісті.

СНХ: ПЕРИЗАТ НҰРЖАНОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Әсерім керемет, сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Шыны керек осыны қанша күттік ғой. Бірінші алғысым президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаға. Сол кісінің бастамасымен Қосшы қаласы болып жатыр. Бізге үй беріліп жатыр. Облыс әкіміміз Марат Мұратұлы мырзаға көп рақмет айтамыз. Қосшымыз көркейе берсін. Тек жақсылық тілеймін.

РКС: Бұдан бөлек аймақ басшысы «Қосшы Су» мекемесіне арнайы техника сыйлап, мәдени-демалыс орталығына «Газель» маркалы көлігінің кілтін табыстады. Сондай-ақ Қосшы қаласындағы бас шыршаның шамы жағылды. Биыл жаңа жылдық шыршасы шаһардың қоғамдық мәдени-спорт кешенінің алаңында орналастырылды. Мерекелік кешке тұрғындар ауа райының суықтығына қарамастан жиналып, әсерлерімен бөлісті.

СНХ: АРТЕМ ЧЕРЕНКОВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін жақсы мереке ұйымдастырылды. Қаламыздың әдемі шыршамыздың шамдары жағылды. Қала тұрғындарына сыйлықтар да берілді. Бәрі жақсы.

СНХ: АСЫЛТАС ӘЛІМБАЙ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін қалада өте жақсы, балаларға өте ұнайды, бәрі күшті. Балаларға көңіл беріп. Жаңа жылмен барлығыңызды.

РКС: Жиналған жұрт жаңа жылдық бас шырша шамының жағылуын, отшашу мен мерекелік концертті ерекше ықыласпен тамашалады.

ИНТЕРШУМ:

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ