ДИКТОР: Щучинск қаласындағы №7 орта мектептің аумағында бөлек тұрған қазандық жарылып, өрт шықты. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметі жеке құрамынан 25 адам мен 7 техника жетті. Сонымен қатар жедел жәрдем қызметі мен полиция басқармасының қызметкерлері де тартылды. Төтенше жағдайлар қызметінің шұғыл әрекет етуінің арқасында өрт жылдам ауыздықталды. Сонымен қатар әрқайсысы 10 текше метр болатын жанар-жағар май сақталған ірі екі резервуарды өрттен аман алып қалды. Құтқарушылар қызыл жалынның көрші ғимараттарды шарпуына жол берген жоқ. Осылайша олар орын алуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.