ДИКТОР: Бурабайда қысқы туристік маусым басталды. Курортты аймаққа келетін қонақтар үшін жаңа қызметтер мен қысқы алаңдар іске қосылды. Тілші жеткізсін.
РКС: Бұл Астана-Көкшетау бағытындағы жүрдек пойызы. Оның бір вагоны жаңа жыл қарсаңында мерекелік нақышта безендірілген. Тақырыптық бренд-дизайны сапар кезінде де мерекелік атмосфераны сезінуге әсер етеді. Щучинск теміржол вокзалына келген туристерді курортты аймақтың ақпараттық жаңа визит орталығының қызметкерлері қарсы алады. Мұнда қонақтар Бурабайға баратын көлік бағыттары, автобус кестесі және такси бағалары туралы ақпарат ала алады.
СНХ: ГҮЛНҰР ЖӘКЕТОВА, "БУРАБАЙ ДАМУ" СЕРІКТЕСТІГІ ВИЗИТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ГИДІ: Біз мұнда Бурабайда қай жерде демалуға және баруға болатыны туралы ақпарат береміз. Міне, карталар, сондықтан қандай көрікті жерлер бар екенін көре аласыздар.
РКС: Қыс маусымында курорты аймақта демалыс пен бос уақытты өткізуге арналған негізгі орындар белгіленген. Мәселен, Жұмбақтас жартасының жанындағы көлде мұз айдыны, сырғанақтар және балаларға арналған белсенді ойын-сауық алаңдары бар. Аумақ жаңа жылдық шамдармен және сәндік элементтермен безендірілген. Курорттың визит орталығы сонымен қатар қонақтар үшін қысқы алаң ретінде де қызмет етеді.
СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Биыл "Бурабай Даму" серіктестігі қысқы маусымға арналған "Magic Бурабай" тұжырымдамасын ұсынды. Аталмыш тұжырымдама Бурабай курортты аймағына келген қонақтар мен туристердің келуі үшін 4 немесе 5 орын құруды көздейді. Біз бұл тұжырымдаманы қолдадық және бірлесіп әзірлеп, дайындадық. Бурабайға көпшілігі тек жазда келеді. Әсем табиғаты, орманы мен өзен-көлдері адамдарды бірден өзіне баурап алады. Бірақ мен қыста Бурабай курортты аймақ одан да әдемі деп айта аламын. Өйткені айнала аппақ қар, саршұнақ аяз, тіпті күннің көзі де нұрын ерекше шашып тұрады. Мұның бәрі мерекелік, яғни жаңа жылдық атмосфераны қалыптастырады. Сондықтан "Magic Бурабай" - отбасылық қысқы демалысқа арналған тұжырымдама.
РКС: Мерекелік пойыздың іске қосылуы, визит орталығының жұмысы мен қысқы орындарды дамыту Бурабай куротты аймағына келетін қонақтар үшін жайлы жағдай жасау мен туристік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға бағытталған.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ