ДИКТОР: Адам құқықтары – кез келген демократиялық мемлекеттің басты құндылығы. Қазақстан Конституциясында әр азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет тарапынан қорғалатыны нақты жазылған. Бұл қағидат Ақмола облысында қалай жүзеге асырылуда? Тұрғындар өз құқықтарын қорғау үшін қандай тетіктерге сүйене алады? Тілші баяндасын.

РКС: Соңғы жылдары Қазақстанда құқық қорғау институттарын күшейту бағытында ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Соның бірі – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты конституциялық мәртебесінің бекітілуі. 2022 жылдан бастап Омбудсменнің өңірлік өкілдері еліміздің барлық аймағында тағайындалып, тұрғындардың құқықтарын қорғау мен мониторинг жүргізу жұмыстары жүйелі жолға қойылды. Өңірлік уәкіл өкілдігі құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, медиация, келіссөз және жедел әрекет ету тетіктері арқылы мәселелерді жылдам шешуге ықпал етеді. Сонымен қатар, азаматтардың жеке өтініштерін қарастырады. Осындай өтініштердің бірі - Степногорск қаласының тұрғыны Валентина Гатиятуллинадан түскен. Оның қызы сирек кездесетін ауыр дерт – қысқа ішек синдромына шалдыққан. Бала өмірін қамтамасыз ету үшін арнайы медициналық препараттар мен үздіксіз парентеральды қоректендіру қажет болған. Арнайы әлеуметтік көмектен қағылған ол, адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүгінуге мәжбүр болады.

СНХ: ВАЛЕНТИНА ГАТИЯТУЛЛИНА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: //аударма// Моя девочка имеет тяжелое афранное заболевание, синдром короткой кишки. При этом заболевании ребенок не может полноценно жить и развиваться без внутривенного порентерального питания и лечебного эндорфального питания. После многочисленных моих обращений в управление здравоохранением Камолинской области, нам только обещали, но в течение 10 месяцев мы не могли получить все необходимое для жизнеобеспечения моего ребенка. Когда я обратилась к депутату своего округа Розбаева Нины Михайловны, она мне посоветовала Женбекову Гульна-Архамитовну со словами «если кто может помочь, так это она». И действительно, когда мы написали к ней обращение, действие пришло незамедлительно.//аударма// Облыстық денсаулық сақтау басқармасына сан мәрте өтініш жолдағаныма қарамастан, бізге тек уәде берумен шектелді. 10 ай бойы баламның өмірін қамтамасыз етуге қажетті препараттарды ала алмай жүрдік. Сол кезде өз округімнің депутаты Розбаева Нина Михайловна маған адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүгінуді кеңес берді. Шынында да, өтініш жазған сәттен бастап мәселе тез арада шешімін тапты. Гүлнәр Жанбекова дереу мәслихат ұйымдастырып, облыстағы барлық басшыларды жинап, біздің мәселені қарастырды. Сол жиында оң шешім қабылданып, баламды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Әлі күнге дейін бұл мәселені жеке бақылауында ұстап, препараттардың уақытылы жеткізілуін үнемі қадағалап отырады.

РКС: Жалпы биыл Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің аймақтық өкілдігіне 300-ге жуық арыз-шағым келіп түскен. Оның ішінде әлеуметтік қамтамасыз ету, ерекше қажеттілігі бар балалардың құқықтары, еңбек және тұрғын үй даулары, қылмыстық және азаматтық істер бойынша өтініштер бар. Сондай-ақ, жеке қабылдаулар барысында 262 тұрғын Омбудсмен өкіліне тікелей жүгініп, құқықтық кеңес пен көмек алған.

СНХ: ГҮЛНӘР ЖАНБЕКОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ: //аударма// Адам құқығы – мемлекет қызметінің басты өлшемі. Әрбір мемлекеттік орган азаматтардың өтініштерін қарау барысында адам құқықтарын сақтауға және бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге міндетті. Құқық бұзылған жағдайда, азаматтар қорықпауы және үнсіз қалмауы тиіс. Өз мәселесі бойынша құзырлы мемлекеттік органға, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өңірлік өкілдігіне немесе тікелей Омбудсмен өкіліне жүгіне алады. Біз әрбір өтінішті жеке қарап, заң аясында шешім табуға көмектесеміз.

РКС: Аймақта құқықтық ағартуға да ерекше мән беріледі. Мектептер мен колледждерде «Құқықтық сағат», интерактивті құқықтық сабақтар өткізіледі. Нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық деңгейі 7 процент төмендеді. Жалпы облыс бойынша 40 мыңға жуық жас құқықтық ағарту жобаларымен қамтылған.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ