ДИКТОР: Ақмола облысы – қазақ халқының рухани құндылықтары терең сақталған, ел тарихы мен ұлттық болмысы айқын көрініс тапқан өңір. Бұл өлкеде ата-бабадан мирас болып қалған салт-дәстүр мен әдет-ғұрып бүгінге дейін үзілмей жалғасып келеді. Халықтың рухани дамуы, ұлттық сана мен мәдени мұраны сақтау – өңір өмірінің өзегі.

РКС: Осы ретте Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының атқарып жатқан жұмысын ерекше атап өтуге болады. Биылдың өзінде Ассамблея аясында 2 мыңға жуық түрлі форматтағы іс-шара ұйымдастырылды. 50-ге тарта этномәдени бірлестік жұмыс істеуде. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ортақ құндылықтар мен қоғамдық келісімді нығайтуға өз үлестерін қосуда.

СНХ: ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:///қаз///Негізі Қазақстан халқы Ассамблеясы деген ол азаматтық қоғамның бірегей институты. Ешбір мемлекетте, ешбір елде осындай Қазақстан халқы Ассамблеясына ұқсас ешбір институт жоқ. +СКЛ+Ең басты назарда Қазақстан халқы Ассамблеясының жобаларының ең басты тарихи-мәдени мұраны яғни біздің рухани байлығымызды терең зерттеу, насихаттау, көпшілікке жеткізу. Осы жоба аясында талай талай жақсы жобалар жасалуда. +СКЛ+Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының Ақмола облысында міне Достық үйінде 47 этномәдени бірлестік бар. Оның ішінде шешен-ингуш, қырғыз, армян және тағы-тағы басқалары. 27-нің Достық үйінде арнайы кабинеттері ашылған. Осы кабинеттерде этномәдени бәрлестіктер жиналып, өз мәдениеті, өз тілімен қатар қазақ тілін, қазақ мәдениетін қазақ руханиятын зерттеп, әрі қарай көпшілікке жеткізеді.

РКС: Ассамблея жанынан 12 қоғамдық бірлестік құрылған. Ақсақалдар – жас ұрпаққа өмірлік өнеге көрсетсе, Аналар кеңесі отбасылық құндылықтарды насихаттап, бала тәрбиесі, рухани-адамгершілік бағытында маңызды бастамаларды жүзеге асырады. Осы арқылы қоғамдық тұрақтылық пен ұрпақтар сабақтастығы қамтамасыз етілуде.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: ///қаз///Сондықтан да бүгінгі күні біздің енді Ақсақалдар кеңесі, Ассамблея, Қазақстан халқы Ассамблеясы биылғы жылы 30 жылдығын тойлап жатыр ғой. Ассамблеяның қасында Ақсақалдар кеңесі деген үлкен құрылым бар әлеуметтік. Бұл құрылымдағы президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің бастамасымен құрылған.+СКЛ+Ақсақалдар кеңесі осы аудандарда, жер-жерлерде үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Соның бірі жастарменен, осы салт дәстүрімізді, өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды тек қана өзіміздің ұлттың жастарына ғана емес, жалпы біздің енді елімізде тұрып жатқан барлық этностарға жеткізу. +СКЛ+Бүгін 100-ге жуық ұлтаралық этнос тұрып жатқан Қазақстанда ешқандай қақтығыстар болған жоқ. Оның басты факторы сол қазақ халқының, қазақтың қадір-қасиетінің арқасында.

РКС: Мемлекеттік тілді насихаттауға арналған арнайы кабинет жұмыс істейді. Бұл кабинетте қазақ халқының тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтары кеңінен таныстырылып, түрлі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылады. Кездесулер, танымдық сабақтар мен мәдени жобалар арқылы ұлттық мұра дәріптеліп, мемлекеттік тілге деген құрмет пен қызығушылық арта түсуде.

СНХ: МАРАТ ҚОЙШИН, ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН МӘДЕНИЕТІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:///қаз///Осы тіліміз, салтымыз, дәстүрімізді қолымыздан келгенше дамытып келе жатқан жағдайымыз бар. Әр қазақтың бұл мойнындағы парызы ғой, ана сүтімен келген. Қаның қазақ болғаннан кейін бәрі саған жат болмау керек. Өзіңнің тіліңнен бастап, тұрысың, болмысың, киінгенің, жүргенің. Жұмыс әрине жүріп жатыр.

РКС: Жүзеге асырылып жатқан бастамалардың бәрі ұлттық болмысты тереңдете түсіп, рухани мұраны сақтауға әрі оны өскелең ұрпаққа жүйелі түрде жеткізуге бағытталған.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ