ДИКТОР: Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысына орай түрлі салада тер төгіп жүрген ақмолалық еңбеккерлерге мемлекеттік наградалар табыс етілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан сүбелі үлесін атап өтті. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов еңбек адамдарына мемлекет басшысының атынан «Құрмет» және «Еңбек Даңқы» ордендерін табыс етті. Бұдан бөлек аймақ басшысы басқарма басшыларымен және аудан әкімдерімен әкімшілік отырысын өткізді. Жиналғандар негізгі салаларға инвестиция тарту, қысқы уақытта жолдарды күтіп ұстау мәселелерін талқылады.

ИНТЕРШУМ: Марапаттау сәті

РКС: «Құрмет» және «Еңбек Даңқы» ордендерін иеленгендердің бірі – Қорғалжын ауданының қарапайым жылқышысы Боранбек Тілеулесов. Ол жоғары мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталды. Боранбек Оразұлы саналы ғұмырын ата кәсіп – жылқы бағуға арнап, әке жолын абыроймен жалғастырып келеді. Қарапайым ауыл еңбегін өмірлік мұрат еткен ол мал шаруашылығын дамытуға, ұлттық дәстүрді сақтауға және ауыл тіршілігін жандандыруға сүбелі үлес қосып жүр. Еңбек пен отбасы құндылығын қатар ұстанған азамат жары екеуі 8 бала тәрбиелеп өсіріп отыр. Барлық баласы жоғары білім алып, бүгінде әр салада абыройлы еңбек етуде. Қазір Боранбек Тілеулесов – 28 немере мен 2 шөберенің ардақты атасы.

ИНТЕРШУМ: Ерлан Қариннің қолынан «Құрмет» орденімен марапатталған видеосы

СНХ:БОРАНБЕК ТІЛЕУЛЕСОВ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ:///Жылқышылық кәсіппен айналысамын. 57 жыл жылқышы болып істедім. Қазір шаруашылықты баламның атына аударып, әлі де сол жерде істеп жүрмін. 1992 жылы «Достық» орденін алғанмын. 100 биеден 85 құлын алып, әке жолын қуып халықтың 1000-ға тарта жылқысын бақтым. Осындай марапат болады деп ойламап едім, басшылар менің тарихымды зерттеп, тауып алып, 2000 адамның ішінен мені таңдапты. Осыған мен ризамын.

ТАҚЫРЫП: ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ, ҚЫСҚЫ УАҚЫТТА ЖОЛДАРДЫ КҮТІП ҰСТАУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

РКС: Одан кейін аймақ басшысы өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға жеке тоқталды. Аудандар арасында инвестиция тарту ісінде Зеренді ауданы көш бастап тұр. Мұнда жоспардың орындалу көрсеткіші 148 процент. Ал ең төменгі көрсеткіш Ақкөл ауданында тіркелген. Мұндағы көрсеткіш небәрі 32 процент. Жиында ірі, тірек жобаларға шағын өндірістерді кеңінен тартудың маңыздылығы атап өтілді. Мәселен, Ерейментау қаласында ет кластерін дамыту жоспарланып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде мал шаруашылығымен айналысатын 300-ге жуық шағын қожалықты дамыту көзделіп отыр.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ://////РУС//////рус/// C0589 | 01,15 Другие подходы должны быть. 01,17+скл+01,29 Кто-то мясо пускай выращивает где-то. В Косшы мясокомбинат будет перерабатывать. 01,34+скл+ C0571 | 01,32 Сырьевые, которые поставляют нам сырьё, эти районы этим и должны заниматься. Они должны увеличивать посевные площади и их производительность. 01,41+скл+ C0589 | 0,07 Благодаря этому нашему зерну, масличным, эти заводы работают. 0,13 ///аударма///Бұл бағытта жұмыстың өзге де тиімді тәсілдерін енгізу қажет. Мәселен, бір өңірлер ет өндірісіне ден қойса, Қосшы қаласында салынатын ет комбинаты дайын өнімді қайта өңдеумен айналысады. Ал зауыттарды шикізатпен қамтамасыз ететін аудандар егістік көлемін ұлғайтып, өнімділікті арттыруы тиіс. Дәл осының нәтижесінде астық пен майлы дақылдарды өңдейтін кәсіпорындар тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істейді.

РКС: Ал қыста өңірде республикалық және жергілікті маңызы бар шамамен 15 мың шақырым автожол қысқы күтіп-ұстау жұмыстарымен қамтылған. Республикалық маңызы бар автожолдарға қызмет көрсетуді «ҚАЖ Сервис» серіктестігі жүзеге асырады. Қар тазалау жұмыстарына арнайы 300-ден астам техника жұмылдырылған. Сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жанар-жағармай қоры мен көктайғаққа қарсы материалдар толық дайын.

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:///На зимнее содержание автодорог районного значения и улично-дорожной сети населенных пунктов, а также городов Кокшетау, Степногорск и Косшы акиматами предусмотрены финансовые средства из городских и районных бюджетов в размере 3,2млрд. тенге из них ноябрь-декабрь 2025 года 1,2 миллиард тенге и январь-март 2025 года 2 млрд. тенге, имеется 883 единиц спецтехники///аударма/// Аудандық маңызы бар автожолдар мен елді мекендердің көше-жол желісін, сондай-ақ Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалаларын қысқы күтіп-ұстауға қала және аудан бюджеттерінен 3,2 миллиард теңге бөлінген. Оның 1,2 миллиарды 2025 жылдың қараша–желтоқсан айларына, ал 2 миллиарды қаңтар–наурыз кезеңіне бағытталып отыр. Қар тазалау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 883 арнайы техника дайындалды.

РКС: Аудан әкімдіктері мен жергілікті кәсіпкерлер арасында аудандық жолдар мен елді мекендердің көше-жол желісін тазалауға бағытталған 310 меморандум жасалған. Соған қарамастан, кей елді мекендерде қарды уақытылы тазалау мен шығару мәселелері әлі де кездеседі. Осы олқылықтардың алдын алу үшін аудан және қала әкімдіктеріне жолдарды сапалы күтіп-ұстау, сондай-ақ көктемгі тасқынға дайындық аясында қарды жүйелі түрде шығару тапсырылды.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ