ДИКТОР: Неврологиялық аурулары бар балаларға кешенді көмек көрсететін «Қамқорлық» орталығында жаңа жылдық шырша өтті. Балалар үшін ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен көңілді мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

РКС: Іс-шара балалардың жас айырмашылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылды. Қатысушылар жаңа жылдық шырша залға көрік берсе, мерекелік шара шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлағанын айтады. Бүлдіршіндер қала тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АЛУА ШОЛҚАНОВА, ЕМ АЛУШЫ: Баршаңызға Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт тілеймін. Жаңа жыл көңілді әрі қуанышты өтсін. Мұнда Жаңа жылға орай әдемі шырша орнатылды. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

РКС: Қазір орталықта 50 бала тұрақты ем алып жатыр. Олар қажетті медициналық көмек алып, кешенді оңалтудан өтуде. Мекеме мамандары балалармен жұмысты жүйелі жолға қойған.

СНХ: АЛТЫН ҚАРТАБЕВА, «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біздің орталық 2022 жылдың қаңтарынан бері 3-тен 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдап, жұмыс істеп келеді. Неврологиялық, ортопедиялық, нейрохирургиялық және кардиологиялық жағынан сырқаты бар балаларға оңалту көмегі көрсетіледі. Бүгін біз осы жерде ұзақ уақыт ем-дом алып жүрген балалар үшін арнайы мерекелік іс-шара өткізіп жатырмыз. Аталған шара өз қызметкерлеріміздің күшімен ұйымдастырылды.

РКС: Ұйымдастырушылар ортаны әсем безендіріп, қолайлы жағдайды қамтамасыз етті. Мерекелік кешке келген ата-аналар да ризашылықтарын білдіріп, балалардың қуанышты екенін айтты.

СНХ: ЖАЗИРА ЖЕТПІСБАЕВА, ЕМ АЛУШЫНЫҢ АНАСЫ: Осы «Қамқорлық» реабилитациялық центрда қызымды ем алып отырмыз. Менің қызым осында массаж, әртүрлі емдерін, іс-шараларын алып отыр. Бүгін міне біздің осы отделениеда іс-шара – Жаңа жылдық мерекелік балаларға ұйымдастырылған көңілді кеш өтіп отыр. Балалар өте қөңілді, әрқайсысы әртүрлі подарок алды. Барлығына рахмет.

РКС: Мерекелік шара соңы балаларға естелік сыйлықтар табыстаумен аяқталды. Мұндай бастамалар балаларға қоғам тарапынан бөлініп отырған назарды сезінуге мүмкіндік береді. Орталық қызметкерлері осы тақылеттес мерекелік шараларды өткізу ұйымның жұмысында ұдайы тәжірибе болары анық дейді.

ИНТЕРШУМ:

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ