ДИКТОР: Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ережелері өзгеруде. Мемлекет басшысы бірқатар маңызды жаңашылдықтарды қарастыратын Заңға қол қойды. Оған сәйкес 1-ші қаңтардан бастап әлеуметтік маңызы бар 10-нан астам дерттің жаңартылған тізілімі күшіне енеді. Өзгерістер халықаралық тәжірибеге сүйене отырып әзірленген. Және азаматтар үшін базалық медициналық кепілдіктерді кеңейтуге бағытталып отыр.

РКС: Әлеуметтік маңызға ие сырқаттардың тізіміне алғаш рет эпилепсия мен бір жыл ішінде инсульттың салдарынан пайда болған тамырлардың сал ауруы енгізілді. Бірақ, балалардың сал ауруы, ревматизм, біріктіруші тамырлардың жүйелі зақымдануы мен қант диабеті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ауыстырылды.

СНХ: ДИАС САЙДАНҒАЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Медициналық көмек көлемінің қысқармайтынын айта кеткім келеді. Диагностиканың барлық түрі, емдеу, дәрі-дәрмекпен қамту және медициналық сауықтыру толық көлемде сақталады. Тек қаржыландыру көзі ғана өзгереді. Бұл жерде мемлекеттік кепілдік деңгейі бұрынғыша қалады. Статистикаға сүйенсек, қазір Қазақстанда балалар арасында сал ауруына шалдыққан 28 мың пациент бар. Оның 99 проценті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген. Ал Ақмола облысы бойынша айтсақ, дәл қазір 3 пациент сақтандырылмаған.

РКС: Қант диабеті бойынша медициналық қызмет көрсетудің барлық көлемі, яғни диагностика мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуден бастап стационарлық емдеу мен сскауықтыру шаралары бұрынғыша сақталады. Бүгіндері диабетке шалдыққан диспансерлік пациенттердің 96 проценті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылған.

СНХ: ДИАС САЙДАНҒАЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Диабеттің 1-ші түрімен ауыратын балалар мен пациенттер заманауи инсулинмен және помпалы терапиямен толық қамтамасыз етіледі. Сырқаттың асқынған түрінде емдеу шаралары толық мемлекеттің мойнында болады. Ресми жұмыспен қамтылмаған азаматтар үшін жергілікті атқарушы органдар арқылы мемлекеттік сақтандыру механизмі қарастырылған.

РКС: Облыс бойынша қазір 700 мыңнан астам тұрғын емханаларға тіркелген. Олардың 83 проценті ғана сақтандырылған. Ал 135 мыңлай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр. Бірыңғай пакет сырқаттың ерте алдын алуға, әлеуметтік маңызға ие ауруға күмән болған кезде тегін тексерістен өтуге қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматқа онкологиялық скринингтен өтуге мүмкіндік бермеді

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ