ДИКТОР: Биыл «Көкшетау Энерго» серіктестігінің құрылғанына 61 жыл толды. Айтулы датаға орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде энергетиктерге арналған арнайы көрме ашылды. Көпшілік назарына ұсынылған көрме сала тарихынан сыр шертеді. Ондағы құнды жәдігерлер туралы тілші баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Экспозицияда «Көкшетау Энерго» серіктестігінің алғашқы құрылған кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі даму жолын қамтитын 100-ден аса жәдігер қойылған. Олардың қатарында өткен ғасырларда пайдаланылған жарық есептегіш құралдар, электр қондырғылары, сондай-ақ энергия саласы қызметкерлерінің күнделікті жұмысында қолданған заттары мен арнайы киімдері бар.

СНХ: ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Бұл жәдігерлерді көрмеге шығару осы музейдің директорының ұсынысы. Қазір көп заттар қолды болып кеткен. 1990 жылдан 2010 жылға дейін 20 жылдың ішінде көп дүниеден айырылып қалдық. Содан кейін іздеп тауып, қолды болып кеткендерді қайтардық. Жаңадан алдық. Соның нәтижесінде қазір ұялмай көрсете алатын жәдігерлер бар. Жалпы үлкен энергетиканың дамуы 1964 жылы басталған. Жәдігерлер сол жылдан бастап қолданылған заттар.

РКС: Электр қуаты пайда болған сәттен бастап адамзат өркениетінің даму қарқыны айтарлықтай жеделдеді. Бүгінде күнделікті тұрмыстағы қажеттіліктің дені электр энергиясынсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Электр энергетикасы саласының қалыптасу және даму тарихы келер ұрпақ үшін аса маңызды. Сондықтан бұл салаға қатысты құнды дүниелер мен жәдігерлер тарихи мұражайда қамтылуы қажет, – дейді мұражай директоры.

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Күнделікті алатын ақпараттарымыз да, күнделікті тұтынатын тауарымыз да, пісіретін асымыз да бәрі осы электр қуатына байланысты. Бірақ ол қайдан келіп жатыр, ол салада қандай адамдар қызмет жасап жатыр. Ол жерде еңбек сіңіріп жатқан адамдардың құндылығы қандай, біз соны біле бермейміз. Сондықтан, электр қуатын өндірушілердің еңбегін насихаттау, дәріптеу, танстыру, тағылымдау мақсатында біз осы көрмені ұйымдастырып жатырмыз.

РКС: Көрменің ашылу рәсімі тағылымы терең мәдени шараға ұласты. Салтанатты жиында әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй тартылды. Сонымен қатар, ақындар энергетика саласын арқау етіп, әсерлі айтыс үлгісін көпшілік назарына ұсынды.

ИНТЕРШУМ:

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ