ДИКТОР: Жаңа жыл қарсаңында «Ауыл» партиясы 25 жылдық мерейтойы аясында бірқатар сала мамандарын марапаттады. Маңызды жиынға сала ардагерлері мен үздіктері, сондай-ақ, жыл бойы «Ауыл» партиясымен тығыз байланыста, бірлесе еңбек еткен білікті мамандар қатысты.
РКС: Ауыл шаруашылығы үшін биылғы жыл жемісті болды, – дейді сала мамандары. Осы орайда «Ауыл» партиясы облыс бойынша 50-ге жуық сала үздігін марапатқа лайық деп таныды. Олардың бір бөлігі бұған дейін марапаттарға ие болса, қалған қызметкерлерге салтанатты жиында арнайы төсбелгілер табысталды.
СНХ: АНАР АЯПБЕРГЕНОВА, "АУЫЛ" ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бүгінгі шарада 18 маман марапатқа ие болды. Марапатталғандардың қатарында тек ер азаматтар ғана емес, ауыл шаруашылығында еңбек ететін қыз-келіншектер де бар. Олардың еңбегін ерекше атап өту қажет, өйткені олар мемлекеттік қызметтің барлық міндеттерін ерлермен тең дәрежеде атқарып келеді.
РКС: Марапатталғандар қатарында бұл салада биыл ғана еңбек жолын бастаған Жанерке Жұмабек те бар. Аз уақытта ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, бір жылдың ішінде аймақ басшысы Марат Ахметжановтың қолынан бірнеше алғыс хатқа ие болған.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЖАНЕРКЕ ЖҰМАБЕК, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Ауыл шаруашылық басқармасында көп уақыт қызмет атқармасам да осындай медаль алып жатқаныма өте қуаныштымын. Өзімнің мамандығым агроном. Менің мемлекеттік құзырыма ауыл шаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастыру, көрмелер ұйымдастыру кіреді. Басқарма басшылығына еңбегімді елеп жатқандарына алғысымды білдіремін. Келер жылы да жетістіктерге жететінімізге сенімдімін.
РКС: Биыл аймақта егін мен мал шаруашылығында айтарлықтай оң көрсеткіштерге қол жеткізіліп, өндіріс көлемі артты. Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде еңбек адамдарының еңбегі лайықты бағалануда. Жиында барлық марапатталушыға төсбелгілермен қатар жаңа жылдық көңіл-күй сыйланып, Аяз атаның сый- сыяпатқа толы қоржыны да табысталды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ