ДИКТОР: Ұзақ өмір сүрудің құпиясы үнемі қозғалыс, тоя тамақтанбау, жақсы көңіл күйде жүру,- дейді 95 жасқа толған Көкшетау қаласының тұрғыны Бибінұр Болатханқызы. Қазыналы қартпен тілдесіп қайтқан тілшіміз Мақпал Айбабина баяндасын.
ИНТЕРШУМ: Қазіргі жастарға не керек еңбектену керек, білім керек алдымен. Онымен қоймай өздерінің алдына қойған мақсатына ынталану керек. Жігерлену, сол жолмен жүрсе бәрі жақсы болады.
РКС: Бибінұр Болатханқызы 1930 жылы Зеренді ауданы, Қызылтаң ауылында дүниеге келген. Мектепті аяқтап, кейін Көкшетау қазақ училищесінде білім алды. 1957 жылы Алматыдағы қыздар педагогикалық институтының тарих-география факультетіне түсіп, аяқтайды. Оны жолдамамен Сырымбет мектеп-интернатына жұмысқа жібереді. Сол білім ошағында 20 жыл табан аудармай еңбек етеді. Бибінұр Болатханқызының өмірлік жары болған Қадыр Қапышев та білім саласында еңбек еткен. Сырымбет мектеп-интернатының директоры қызметінде жүріп, оны Уәлихан ауданы, оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындайды. Жұбайының жұмыс бабымен кейіпкеріміз Уәлихан ауданына қоныс аударады. Сөйтіп бір үйдегі қос ұстаз талай шәкіртке білім беріп, 50 жылға жуық еңбек етті. Бибінұр Исмағұлова жақында 95 жасқа толды.
СНХ: БИБІНҰР БОЛАТХАНҚЫЗЫ, 95 ЖАСТАҒЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Көп жасау деген ол өзіңнің тегіне байланысты ғой. Тегімізде ата-аналарымыз көп жасаған. Медицина жайында айтып жатпай ма етті көп жемеу керек, артық тамақ жемеу керек. Қимыл керек, жүру керек. Мен географ болғандықтан көп жүрдік, Алатауға бардық практикаға. Тауда жүрдік, жаяу. Мүмкін соның негізінде мүмкін менің қимылым, жүрген жүріс тұрысым содан ширақ шығар.
РКС: Бибінұр Болатханқызы Қадыр ағамен 3 бала өсіріп, тәрбиеледі. Бүгінде олардан бірнеше немере, шөбере сүйіп отыр.
СНХ: ТОМИРИС ҚАПЫШЕВА, НЕМЕРЕСІ: Мен өзімнің әжемді мақтан етемін, үлгі аламын. Себебеі менің әжем өте ақылды, өте сүйкімді. Менің бала кезімде әжем маған ақыл айтып, менімен сабақ оқып, көптеген мемлекеттерді, көптеген елдерді маған түсіндіріп, айтты. Менің әжем мұғалім болғандықтан менде мұғалім жолын таңдадым.
РКС: Бибінұр апай 95 жасқа келсе де ширақ. Түрлі гүл өсіріп, сөзжұмбақ шешкенді жақсы көреді. Немерелерімен шахмат ойнап, Астанаға жиі барып тұратынын айтады. Өйткені қозғалыс бұл өмір,- дейді қазыналы қарт.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ