ДИКТОР: Жақсы аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізіліп, материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Медициналық мекемеге заманауи құрал-жабдықтар жеткізілді. Бұл диагностика мен емдеудің сапасын арттырып, қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етпек.

РКС: Аудандық аурухана 1974 жылы қолданысқа берілген. Содан бері жарты ғасыр өтсе де алғаш рет биыл күрделі жөндеу жүргізілді. Жаңашылдықтың бірі – лифттің орнатылуы. Бұған дейін пациенттерді баспалдақпен көтеруге тура келетін. Қазір аурухана нағыз қолжетімді орынға айналып отыр. Облыстық бюджет есебінен көпфункционалды 56 жатын орынмен қамтамасыз етіліп, заманауи медициналық құрал-жабдықтар енгізілді.

СНХ: ЭЛЬМИРА НҰРАЛИНА, ЖАҚСЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңарту аясында біздің ауруханаға күрделі жөндеу қаржыландырумен шамамен 906 миллион теңгеге бөлінген. 2025 жылы 471 миллион теңгеге жұмыстар атқарылды. 2026 жылы жұмыстар ары қарай жалғастырылады. Көптеген жылдар бойы біздің ауруханамыз лифтсіз жұмыс істеген.

РКС: Жан сақтау-анестезиология қызметін дамытуға ерекше басымдық берілген. Бөлімшеге гипертонияны емдеуде және операциядан кейінгі кезеңде қолданылатын заманауи құрал-жабдықтар жеткізілді.

СНХ: НҰРБОЛАТ КӘРІБАЙ, АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ ДӘРІГЕР: Биыл біздің Жақсы больницасында 2 ИВЛ аппараты алынды, яғни наркозға арналған ИВЛ аппараттары. Потом дефилятор аппараты алынып жатыр+скл+яғни гипотермиялық жағдайда жеткізілген больнойларға жылытылуға арналған аппарат алынды. Биыл көптеген аппараттар алынып жатыр.

РКС: Лаборатория жұмысына да өзгерістер енгізілді. Енді аудан тұрғындары талдау нәтижелерін денсаулығына байланысты басқа да облыс орталығына бармай-ақ осы жерде ала алады. Негізгі талдаулар аудандық ауруханада жүргізіледі, нәтижесі бірнеше сағат ішінде дайын болады, ал пациенттер оларды мобильді қосымша арқылы электронды түрде көре алады.

СНХ: БАЛЗИРА САРМАНТАЕВА, ЕМ АЛУШЫ: Біз Қима ауылынан келдік. Балам ауырып қалып кеше, пневмониямен түстік, сол енді бүгін врачтарымыз жақсы қарады. Кеше ренгенге түсірді, физиолечение назначить етті, уколдар салып жатыр, ингаляция жасап жатыр. Осы дәрігерлердің арқасы, дәрігерлер аман болсын.

РКС: Сонымен қатар, КамАЗ базасында «Маммокар» мобильді маммографы іске қосылды. Ол әйелдерді аурудың ерте кезеңінде тексеруге мүмкіндік береді. Қызмет аудан аумағында көрсетіледі.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.