ДИКТОР: Ақмола облысында 1 мыңнан астам ерекше бала жыл сайын "Болашақ" оңалту орталығына келіп, қажетті ем-домды қабылдайды. 1976 жылы бой көтерген ғимарат биыл алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Өңір басшысы Марат Ахметжанов орталықтың таныс-тіршілігімен танысып қайтты. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

РКС: 1 мыңнан астам ерекше бала бұған дейін қыстың көзі қырауда жылуға жарымай, тоңып отырып ем қабылдайтын. Ал, күз басталып жаңбыр жауса терезе мен шатырдан су кететін. Мүлдем жөндеу көрмеген ғимараттың бұрынғы жағдайы осы еді. Қазір жөндеуден өтіп, 3 айлық сәбиден бастап, 18 жасқа толған жасөспірімдерге жаңа құралғылармен қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр.

СНХ: АЙСҰЛУ МҰҚЫШЕВА, "БОЛАШАҚ" ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕВРОПАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ: Күрделі жөндеу жұмысына дейін біздің ғимаратта трубаларымыз ақты. Күн сайын соларға жөндеу өзіміздің сантехниктарымыз жөндеу жұмыстарын істейтін. Төбелерімізден су ақты. Шатырымыздан су ақты. Сыртқы алюкобондтарымыз ұшып кететін. Бүгінгі күнде күрделі жөндеу аяқталып, ғимаратымыздың іші әдемі, жылы, аппақ болып тұр. Бізде негізі круглосуточный станционар бар. Олар 14 күн бойы бізде жаады. Одан бөлек, бізде АПП бар. АПП-мен балалар келеді, емдерін алып кетіп отырады. Ал толығымен жататын балалар да бар. Сол АПП бойынша жылына 1500 бала келіп, ем алып кетеді.

РКС: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов оңалту орталығын аралап болған соң, мүгедектігі бар балаларға сапалы ем көрсетіп жүрген ақ халатты абзал жандармен кездесіп, өзінің алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сіздер балалардың денсаулығына ерекше мән бересіздер. Сондықтан сіздердің жұмыстарыңыз әрқашанда жауапты, кішкентай сәбидің көңіліп тауып, жақсы емдеп оны өз септіктеріңізді, ықпалдарыңызды тигізіп жүрсіздер. Сондықтан, сіздерге алғысымыз шексіз!

РКС: Десе де, мәселе жоқ емес. Қазір "Болашақ" оңалту орталығында жеке қызметтік көлік жоқ. Олар қажет болған жағдайда көлікті көпбейінді облыстық балалар ауруханасынан шақыртады.

ИНТЕРШУМ:

- Мы еще нуждаемся в служебном автомобиле. Потому что бывает экстренные случаи. Надо показать ребенка узким спецалистам, срочно сдать анализы. Привести медокоменты. Что бы этог было экстренно быстро-быстро. Не ждать пока оттуда приедут. Что бы мы сами смогли это все быстро и оперативно сделать. Это не каприз, это наша просьба от всего коллетива.

- Центру автивно-долголетию уже подарил. Мы туда заложили же машину. Прошу эту машину сюда отправить.

РКС: Міне, енді оңалту орталығына жаңа тыныс берілді. Мұны көрген ерекше балғындардың ата-аналары көздеріне жас алып, аймақ басшысына өздерінің жылы лебіздерін жеткізді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ал, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы биыл жаңа, әрі заманауи құрылғылармен толықты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Одан кейін өңір басшысы Марат Ахметжанов аурухана қабырғасында жатқан балғындармен кездесіп, оларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

ИНТЕРШУМ:

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Бұл 300 орынға шақталған Ақан сері атындағы қалалық жоғары мәдениет колледжінің жатақхнасы. Ғимарат 2021 жылы бой көтерген. Содан бері биыл алғаш рет күрделі жөндеу көрді. Қазір мұнда студенттер үшін қолайлы жағдайдың бәрі жасалған.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Осы колледждің студенттері өздерін жарқ етіп көрсетеді. Жақсы жағынан. Сондықтан менде ризашылығымды білдіремін. Осындай өнер ошағы бар екенін біздің облыста. Балаларға барлығына алғыс білдіремін. Осындай жағдайды жасауға дайынбыз. Өйткені, президенттің қойып отырған талаптары нағыз осы қазіргі жастарға арналады. Соларға жол ашу, соларға ертең осы елімізді өтеретін де, көркейтетін де, атын шығаратын да сол жастар. Сондықтан, осындай жағдай жасау ол біздің парызымыз, міндетіміз. Бұл жұмыстар әрі қарайда өз жалғасын табады.

РКС: Келер жылы Көкшетауда 300 орынға арналған жаңа театрдың құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. Одан бөлек студенттерге режиссер, актер және дыбыс операторы мамандығы бойынша әкім гранттары бөлінеді. Осылайша, өнер саласына ерекше екпін беріліп, жан-жақты қолдау көрсетілмек.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ