ДИКТОР: Ақмола облысы – маңдай тер мен адал еңбектің мекені, ел несібесін еселеген дәнді өлке. Биыл аграрлық саламен қатар, өңір құрылыс, өнеркәсіп, инвестиция және әлеуметтік даму бағыттарында да жоғары нәтижелер көрсетті. Жаңа өндіріс орындары ашылып, ауылдарға газ тартылып, әлеуметтік нысандар бой көтерді. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.
РКС: Ауыл шаруашылығы – облыс экономикасының негізгі тірегі. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешеннің зор әлеуетін пайдалана отырып, нақты серпіліске қол жеткізуді жүктеді. Биыл да өңір диқандары 7,6 млн. тонна өнім жинап, рекорд жаңартты. Жылына 3 млн тонна астық өңдейтін 2 ірі зауыттың құрылысы басталып, Марокко мен Вьетнам жаңа экспорттық нарықтар ретінде айқындалды. Жыл басынан бері 3,5 млн тоннадан астам астық экспортталып, Эстониядағы «Мууга Грэйн Терминал» логистикалық хабымен стратегиялық меморандумға қол қойды. Бұл — ақмолалық астық экспорты үшін жаңа мүмкіндіктер ашқан келісім.
СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
РКС: Мал шаруашылығында да тың серпіліс бар. Аймақта жаңа сүт тауарлы фермалар іске қосылып, сүт өндірісінің көлемін арттырып, саланың дамуына серпін беріп отыр. Бұған қоса, Ерейментау ауданында өңірдің ет өндірісін жаңа деңгейге көтеретін ірі ет кластері қарқынды дамып келеді. Ақмола облысы инвестиция өсімі бойынша да елімізде көш бастап тұр. Жыл басынан бері аймақ экономикасының негізгі капиталына 750 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. «Aqmola» индустриялық аймағы бүгінде шикізатты терең өңдеп, қосылған құны жоғары әрі экспортқа бағытталған өнім шығаратын ірі өндірістік кластерге айналды.
СНХ: ІЛИЯС ӨТЕГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Соңғы бес жылда Ақмола облысының өнеркәсіп саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Биыл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2 триллион теңгеге жуықтады. Бұл былтырғымен салыстырғанда 400 миллиард теңгеге артық. Өсімнің негізгі қозғаушы күші - машина жасау және химия өнеркәсібі. Мәселен, трактор өндірісі 22%, арнайы техника шығару 30%, ал пестицидтер өндіру 45%-ке өсті.
РКС: Халықты жайлы баспанамен қамтамасыз ету мақсатында былтыр аймақ басшысының бастамасымен Көкшетау қаласы, Бурабай, Аршалы, Бұланды Зеренді аудандарында ренновация бағдарламасы қолға алынды. Бүгінде 7 мыңнан астам ақмолалық отбасы жаңа баспанаға қол жеткізіп, тұрмыстық жағдайын жақсартты. Тұрғын үйлер мен қатар, жарыса әлеуметтік нысандар да салынуда. Жалпы, аймақта ұлттық жоба аясында 43 дәрігерлік нысан пайдалануға берілді. Білім саласында соңғы екі жылда 24 жаңа мектеп бой көтерді. Бұл үш ауысымды оқыту, апатты және тозығы жеткен білім ошақтары мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік берді.
СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
РКС: Аймақта газбен қамту жұмыстары да қарқынды. Жыл басынан бері 1,5 мың шақырым шақырым газ құбыры тартылды. Бүгінде 25 елдімекен, яғни 115 мың ақмолалық көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Сонымен қатар, ауыз су, жылумен қамту және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері де жүйелі шешімін тауып келеді. Биыл 80-ге жуық ауылдық елдімекен сапалы ауыз сумен қамтылды. Шаһарда 6,3 миллиард теңгеге жаңа су тазарту станциясы іске қосылды. Бұқаралық спортты дамыту - өңірдің басым бағыттарының бірі. Аймақта спорт инфрақұрылымы кеңейіп, заманауи спорт кешендері мен жаңа спорт алаңдары ашылды.
СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
РКС: Астыққа бай аграрлы аймақ Ақмола облысының орталығы - Көкшетау өнімдерімен ғана емес, таңғажайып табиғатымен де ерекше. Соңғы жылдары шаһар жыл санап көркейіп, жаңа келбетке ие болып келеді. Бұрын бос жатқан аумақтарда қазір еңселі ғимараттар, зәулім тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Қала халқының саны алдағы жылдары жарты миллионға жетеді деген болжам бар. Осы ретте қазірдің өзінде халықтың жайлы демалыс ортасын қалыптастыру мақсатында шаһарда «Көк Шалғын» қоғамдық кеңістігі ашылды. Ұзындығы 6 шақырымнан асатын жағалау бүгінде қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналып үлгерді. Жүргізілген реформалар мен жүйелі жоспарлардың арқасында 2025 жыл Ақмола облысы үшін табысты әрі тарихи жетістіктерге толы жыл болды. Аймақ жаңа жылға зор үмітпен, жаңа жоспарлармен және үлкен сеніммен қадам басқалы отыр. Бастысы – бұл жетістіктер халықтың тұрмыс сапасын арттырып, өңірдің болашағын бекемдей түсті.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ