ДИКТОР: Санаулы сағаттардан соң жылқы жылы табалдырықтан аттағалы тұр. Дәл қазір әр отбасында мерекені атап өтуге қарбалас басталып, нағыз қызған шақ. Көкшетаулықтар мерекелік дастарқан мәзіріне не дайындады? Тілшіміз баяндасын.
РКС: Жаңа жыл-тосын сый мен сиқырға толы ерекше мереке. Жан-жақтан атқан от шашулар, безендірілген шырша мен түрлі-түсті жарқ еткен шырақтардан алған әсеріңді сөзбен жеткізу қиын. Бірақ бұл мерекенің басты көркі-жаңа жылдық дастарқан.
STEND-UP: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Бірер сағаттан соң ескі жыл есіркеп, жаңа жылқы жылы аяқ баспақ. Сауда орталықтарында осы уақытта аяқ басар жер жоқ, халықтың қарасы қалың. Мерекелік дастарқан жаямын деп, жанталасып жүргендер көп.
РКС: Бүгін сауда ерекше қызу. Сауда орындарының іші мен сырты абыр-сабыр болып тұр. Азық-түлік пен жеміс-жидек артылған дорбаларын арқалап жүрген жандар қолайсыз ауа райына қарамастан, қарбалас үстінде.
СНХ: МАРИНА УАНДЫҚОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Дайындық жүріп жатыр. Базарға келіп тұрмыз. Столымызға әдемі салаттарымызды жасаймыз. Қазір тик-токта түрлі салаттар бар ғой. Соның біреуін жасаймын деп базарға шықтым.
РКС: Жаңа жылда мерекелік дастарқан жаюға қала тұрғындары шамамен 50 мың теңге жұмсайтынын айтуда. Мәселен, мереке қарсаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы айтарлықтай өспесе де, бақша дақылдары мен жеміс-жидектің бағасы қымбаттаған. Ал 1 табақ еттің бағасы 30 мың теңгеден асады.
КЕСТЕ МӘТІНІ: Жылқы етінің келісі 4500-ден басталады, ірі қара малдың еті мүшесіне қарай 3500-ден 4000-ға дейін жетіп тұр. Қой еті 2,5-нан 3 жарым мыңға дейін. Құс еті қой етімен шамалас. Тауық етінің келісі 2,5 мың, үйрек еті 2900 теңге болса, қаз етінің келісі 3500 теңгеден айналуда.
КЕСТЕ:
ЕТТІҢ БАҒАСЫ: ҚҰС ЕТІНІҢ БАҒАСЫ:
ЖЫЛҚЫ ЕТІ-4500 (КГ) ТАУЫҚ ЕТІ-2500(КГ)
СИЫР ЕТІ-3500-4000 (КГ) ҮЙРЕК ЕТІ-2900(КГ)
ҚОЙ ЕТІ-2500-3500 (КГ) ҚАЗ ЕТІ-3500 (КГ)
СНХ: ЗӘУРЕШ СӘБИТОВА, САУДАГЕР: Еленовка ауылында өзімнің шаруашылығым бар. Үйрек, қаз өсіремін. Басқа жақтан шөжелерді сатып алмас үшін, балапан бастыртып құс санын көбейтіп жатырмын. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында біз құс етінің бағасын арзандаттық. Былтыр 3000-3500-ден сатқан құс етінің бағасы биыл әдәуір арзан. Мерекелік дастарқанға пеште піскен құс етін әзірлеймін.
РКС: Қала тұрғындарының саудаласар шамасы жоқ. Жаңа жылдың келуіне санаулы сағаттар қалды. Сауда орталықтарында тұрғындардың жүзінен мерекелік көңіл-күй сезіледі.
СНХ:ҚАЛДЫГҮЛ ӘЛІМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жылды еңсеріп, мына 2026 жылға да жеткізді Аллам. Мерекелеріңіз барлықтарыңызға құтты болсын. Әр жылы еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Халқымыз аман болсын. Міне бүгін дастарқан жайып құда, туыс-туысқан, балаларымызбен, немерелерімізбен күтіп алуға дайындалып жатырмыз. Аллаға шүкір. Дастарханға қолдан келгенін бәрін қойып, 12-де үйде күтеміз деп ниеттеніп жатырмыз. Ұлттық тағам бешбармақ қоямын. Манті, пельмен барын қойып. Құда, балалар мен немерелеріммен, туған-туыстармен бір дастарқан басында ойнап-күліп отырамыз.
РКС: Мерекелік дастарқанды тәтті тағаммен толтырып, қонақ күтіп, ет асып, жүрген Көкшетаулықтарға келер жыл берекелі, бақ дәулетті болсын.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ