ДИКТОР: Өтіп бара жатқан жылда өңірде 4 мың 500-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелді. Әсіресе, жол ережесін бұзу деректері мереке күндері орын алады. Барлық апаттың 5 процентке жуығы көлікті мас күйінде жүргізу салдарынан тіркеледі.
РКС: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жүргізушіге 15 тәулікке дейін қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған. Осындай жаза медициналық куәландырудан өтуден бас тартқандарға да қатысты. Яғни куәландыру өтуден бас тартқан жағдайда мас болу фактісіне теңестіріледі.
СНХ: АЛЕКСАНДР ВЫСОЦКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Былтыр орталықта 23 мың рет медициналық куәландыру жүргізілді. Биыл бұл көрсеткіш 25 мыңнан асады. Былтыр спирттік ішімдік ішкен 3 мың адам жеткізілсе, биыл 3,5 мыңнан асты. Өткен жылы 1406 және 2025 жылы 1512 жүргізушіде күдік расталды.
РКС: Мас болу жағдайы қатаң түрде заңнама мен медициналық алгоритмдер шеңберінде белгіленеді. Күдікті болған кезде жүргізуші мамандандырылған ұйымға медициналық куәландыруға жіберіледі. Мамандар мас болу белгілері толық жойылғанға дейін, тіпті алкоголь бір күн бұрын қолданылса да, жол жүруден бас тарту қажеттігін айтады.
СНХ: МУСЛИМ ЗАГИРОВ, НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖЕТЕКШІСІ: Медициналық куәландыру барысында дәрігер акт рәсімдейді және сөйлеу, реакция, мінез-құлық сияқты клиникалық белгілері бар адамға кешенді бағалау жүргізеді. Қорытынды тек қана объективті деректер негізінде шығарылады және белгіленген тәртіппен рәсімделеді. Егер адам спиттік ішімдік тұтынса, мас болу белгілері толық жойылғанға дейін көлік жүргізбеу қажеттігін үнемі айтамыз.
РКС: Наркологиялық қызмет мамандары мереке күндері алкогольді шамадан тыс ішпеуге және мас күйінде көлік басқармауға кеңес береді. Жолда қауіпсіздікті сақтау және қайғылы зардапты болдырмау үшін қажет болған жағдайда такси қызметін пайдалану немесе «сау жүргізушіні» шақырған жөн деп кеңес береді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ