ДИКТОР: Қазақстан мен ТМД елдері энергетика саласының ардагерлері Бурабайға жиналды. Онда 13-ші республикалық форум өтті. Ең алдымен бұл ашар энергетика саласының бүгінгі жай-күйіне баға беруге бағытталған. Сондықтан, дәл осы жиында тозығы жеткен желілерді жаңғырту, кадр тапшылығы мен Қазақстан бойынша электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

РКС: Шараны ұйымдастыруға бастамашыл болған «Көкше энерго» серіктестігі. Бас директоры Досымхан Аралбаев бұл салада ұрпақтар сабақтастығы үлкен роль атқаратынын атап өтті. Өйткені, энергетика саласы ардагерлерінің тәжірибесі мен ықпалы болашақ мамандардың алдына қойған көптеген міндетті шешуге жәрдемдеспек.

СНХ: ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Бүгін электр энергиясының тапшылығы үлкен мәселеге айналған. Біз көршілес Ресейден, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан сатып алуға мәжбүрміз. Бұл мәселе әлі де өзекті. Сондықтан бүгінде еліміз бойынша 3 облыста жылу-электр орталығын салу, сондай-ақ атом электр станциялары мен қолданыстағы электр станцияларын қайта жаңғырту, мәселелері талқылануда. Энергетика бизнес емес, бұл әлеуметтік сала. Біз адамдарға барынша аз салмақ салу жағын қарастырыуымыз керек. Демек, мемлекет жаңғыртуға қажет шығынның бір бөлігін өз мойынына алуы тиіс.

РКС: Энергетика саласы ардагерлерінің форумы Қазақстандағы өзекті мәселелерді шешуді көздейді. Дәл осы шара барысында резолюция әзірленді. Енді оны энергетика министрлігіне жолдамақ.

СНХ: СОВЕТХАН НҰРПЕЙІСОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЭНЕРГЕТИКТЕР АРДАГЕРЛЕРІ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ардагерлердің энергетика саласында бай тәжірибесі бар жандар. Әрине, қазір бұл жұмыс бүгінгі ұрпаққа жүктеліп отыр, Олар қашан да даму үстінде. Бірақ біз үшін маңызды тұсы – олар энергияны қандай жолмен алға жетелеп келе жатқаны. Екіндішен, ардагерлер ештеңеден жасқанбай, кез келген мәселені ашық айта алады. Сондықтан біз бүгін ауқымды тақырыпты қозғадық.

РКС: Форумға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан 5 мемлекет шақырылды. Шетелдік мамандар тәжірибе алмасудың және өз елдеріндегі жағдайды өзгертудің маңыздылығын атап өтті. Беларусь Республикасының делегаты кейбір қазақстандық спикерлердің кәсібилігіне таң қалды. Форум барысында «Көкше энерго» серіктестігінің қызметкерлеріне арнайы техниканың кілттері табысталды. Әр ардагерге кәдесыйлар сыйға тартылды. Шараның ресми бөлімінен кейін қонақтар Бурабай ауданының көрікті жерлерін аралады.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ