ДИКТОР: Алдағы жексенбі барша мұсылман үшін қасиетті мейрам – Құрбан айт басталады. Осы күндері жылына бір келетін маңызды мейрамға жерлестеріміз қызу дайындық жүргізіп жатыр. Құрбандыққа шалынатын малға қойылатын талаптар бар ма, осы күндері нарықтағы жағдай қандай? Әріптесім Фариза Асылбекованың материалынан көріңіздер.

РКС: Құрбандық сөзі араб тілінен аударғанда жақындау дегенді білдіреді. Яғни, қан шығару арқылы Құдайға жақындау мақсатында, ғибадат мақсатында мал сойылады. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе союға болады. Қойды бір отбасы немесе бір адам жеке сойса, ірі қара, яғни, сиырды бірнеше жанұя бірігіп союына болады. Имамдар ескертетін тағы бір жәйт құрбандық шалмай, оның ақшасын садақа ретінде беру құрбандыққа жатпайды. Өйткені...

СНХ: СЕРІК ХАЛЫҚОВ, НАУАН ХАЗІРЕТ МЕШІТІНІҢ ҰСТАЗЫ: Құрбандықта міндетті түрде қан шығару уәжіп болып есептелінеді. Құрбандықты шалған кездегі қаны бар ғой ол уәжіп. Сол нәрсеге дейін. Уәжіп осымен бітеді. Ал енді тарату мәселесіне келген кезде мына құрбан айт бар, кішкентайлы болғанда құрбан шалады немесе қиындыққа түсіп қалған кезде қан шығару керек деп айтады ғой қазақ. Сондай кезде таратқан бұл Пайғамбардың сүннеті. Негізі үшке бөлінеді. Біреуін өзіңе аласың да, екеуін таратып жібересің.

РКС: Құрбан Айтта мал базарындағы сауда қыза түседі. Отыз жылдан бері мал өсіріп, ет сатумен нәпақа тауып отырған көкшетаулық Тәңірберген Мақышев осы күндері қасиетті мейрамға қорадағы сиыр, қой, ешкілерін дайындап жүр. Дәл мейрам жақындағанда бағаны өсіру деген ойдан аулақпын, жылына бір келетін мұсылмандар үшін қасиетті мерекеде адал жолмен асырап отырған малымды адал жолмен сату мақсатым,-дейді отағасы.

СНХ: ТӘҢІРБЕРГЕН МАҚЫШЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Құдайға шүкір малдар бар. Семіз, күйлі. 6 айдан бастап 2 жас, 3 жасқа дейін. Қойларды, қара малдарды жұмсауға болады. Қойлардың бағалары мысалы 30 мыңнан басталады да, 65 мыңға дейін. Реальный баға. 2-3 күнде Құрбан айттың ішінде бағаны көтеріп, байып қалу емес. әр адамның өзінің отбасына деген, Аллаға деген сыйын көрсету керек қой. Бала-шағаның қамын ойлау деген сияқты. Қымбат көтеріп 1-2 күннің ішінде байып кетем деп ойлауға болмайды.

РКС: Ал, мал базарындағы баға, сәл басқаша. Ол жерде қой 50 мыңнан 100 мыңға дейін саудаланса, сиырды 250-350 мың аралығында ала аласыз. Құрбандыққа 6 айдан асқан қой немесе 2 жасқа толған ірі қараны союға болады. Сондай-ақ, құрбандыққа шалған мал ақсақ, бір көзі немесе құлағы кем болмауы тиіс. Оны Алла тағала құлшылық ретінде сойып жатқандықтан күйлі әрі сау болуы шарт,-дейді имамдар.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК КӨКШЕ АҚПАРАТ