ДИКТОР: Бүгін Дүниежүзілік донор күні. Айтулы мерекеге орай облыстық қан орталығы мерекелік шара ұйымдастырып, құрметті донорларды марапаттады.

РКС: Облыстық қан орталығы жыл сайын донорларға ерекше құрмет көрсетеді. Ерікті түрде қан тапсырғандың мейірімділігіне әлем бойынша шексіз ризашылық білдіріледі. Сонымен бірге осындай қайырымды іске белсене жұмылуға көпшіліктің назарын аудару. Қауіпсіз медициналық шараларға жалпыортақ қолжетімділікті қамтамасыз ету денсаулық сақтау саласы қызметінің басым бағыты.

СНХ: БОТАГОЗ ӘБЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Дәл бүгін адам жанына араша түсуге қол ұшын созған асылдарға алғыс айтатын күн. Ақмола облысы бойынша 5 мыңнан астам донор бар. Олар тұрақты түрде орталыққа келіп, қан тапсырып тұрады. Жалпы алғанда құрметті донор атағы 40 және одан да көп мәрте қан тапсырғандарға беріледі. Біздің өңірде осындай 30 донор бар.

РКС: Статистикаға сүйенсек, Ақмола облысы бойынша жылына 12 мыңдай қанның донорлық жиынтығы құйылады. Ол шамамен 2 мыңнан астам сырқатқа қажет. Республика бойынша жыл сайын 400 мыңдай процедура жасалады екен. Құрметті донор болу екінің бірінің қолынан келмейтін дүние. Шара браысында 15 адам марапатталды.

СНХ: ОЙРАТ ЕСМҰХАНОВ, ҚҰРМЕТТІ ДОНОР: 10-15 жыл бұрын қан тапсыруға келдім. Осы қан орталығына. Қанымды тапсырып жүрмін осы уақытқа дейін. Жақсы өзгерістер бар. Өзімнің денсаулығым жақсарды. Қан айналымым да жақсы. Әр 2-3 ай сайын келіп тапсырып жүрмін. Қан тапсырған жақсы деп есептеймін. Өйткені ол бір адамға болса да өмір сыйлайды.

РКС: Жыл озған сайын медицина қарышты дамып, донорлық қанға деген сұраныс та арта түскен. Ақмола облысының көптеген ұйымы адам жанының арашасы болуда белсенділік танытып келеді. Бүгін осындай кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары Алғыс хатпен марапатталды. Шара мерекелік концертке ұласты.

ИНТЕРШУМ:

ЯНА КРЮЧЕК, МАДИНА ЯХУДИНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ