ДИКТОР: Маусымның 3-ші жексенбісі - медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Атаулы дата қарсаңында өңірдің ақ халатты абзал жандары құрметке бөленді. Облыс дәрігерлерін кәсіби мерекелерімен аймақ басшысы Марат Ахметжанов құттықтады.

РКС: Өңірде денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келеді. Облыста материалдық-техникалық базаны және емдеу мекемелерін нығайтуға қатысты ауқымды жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта 561 медициналық мекемеде 8,5 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздер адам баласын бұл дүниедегі ең қымбат байлығы денсаулығы мен өмірін қорғайсыздар. Әрдайым адамзат баласы тағдырын сеніп тапсыратын мамандықтарын абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болып жүре беріңіздер. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, отбасылық амандық тілеймін. Кәсіби мерекелеріңіз құрметті абзал жандар құтты болсын.

РКС: Бірқатар медицина қызметкері лайықты марапатқа ие болды. 3-і «Еңбек ардагері» медалімен, 11-і «Денсаулық сақтау саласының үздігі», ал 7 маман «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, облыс әкімінің Алғыс хаттары да табысталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЛЮДМИЛА СЛОКВА, БІРЖАН САЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АҒА МЕЙІРБИКЕСІ: Облыс әкімінің марапатына ие болдым. Еңбегіміз еленіп, керемет мадақ естіп жатырмыз. Әріптестерімді, еліміздің барлық медицина қызметкерлерін осы мерекемен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, жұмысыңызда табыс тілеймін.

РКС: Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

ИНТЕРШУМ:

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАК ТЛЕУГАБУЛОВ, КОКШЕ АКПАРАТ.