ДИКТОР: Арқан тарту, асық ату мен тоғызқұмалақ. Көкшетау қаласындағы бастауыш партия ұйымдарының 12 командасы ұлттық спорт ойындарынан өзара сынға түсті. «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты дода «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұйымдастырылған.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Нағыз мықтылардың, ептілердің сайысы – арқан тартыс. Мұнда әр команданың тактикасы әр түрлі. Бірі бірнеше секунд ішінде ұтылып қалып жатса, кей додалар 1 жарым минутқа созылды. Жалпы, әр ұйым бұл жарыста жан алысып, жан берісті. Жығылып жатса да арқаннан айырылмады.

СНХ: ҚУАНЫШ ҚАЖЫБАЙ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Біз бүгін «Ұлттық мұра» жобасын іске асыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының атынан ұлттық ойындар жарысына қатысып жатырмыз. Жарыс өте қызық және жоғары деңгейде өтуде. Осы жарысты ұйымдастырған облыстық спорт басқармасы мен Аманат партиясына алғыс білдіреміз. Осындай жарыстар көптеп өткізілсе деп тілейміз. Жастарды ұлттық ойындарды қолдауға шақырамыз.

РКС: Ал, мына жерде асық ату сайысы өтіп жатыр. Азаматтар ортада тізіліп тұрған асықтарды бірнеше қадам жерден көздеп атуда.

СНХ: ТЕМІРБОЛАТ БАЛАХМЕТОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Асық ату ойынын бірінші рет ойынап отырмын. Жастар үшін өте жақсы ойын. Бұл спорт жиі өткізілсе деймін. Өскелең ұрпақ арасында патриотизмді насихаттайтын ойындардың бірі ғой. Эстафетаға қатысып, ұлттық ойындарды ойнағаныма ризамын. Көбірек асықты атқым келді, бірақ 3 қана асықты ата алдым. Басқа ойыншыларға қарап, бұл спортқа қызығатын жандардың көп екенін байқадым.

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша Болашақ Сарайының бастауыш партия ұйымы үздік деп танылды. Екінші орынды Назарбаев зияткерлік мектебінің командасы еншіледі. Мемлекеттік қызметшілер бастауыш партия ұйымының «Жалын» командасы үздік үштікке кірді. Естеріңізге сала кетейік, Эстафета «AMANAT» партиясының ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, ұлттық спорт түрлерін қолдап, насихаттайтын «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұйымдастырылды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ КӨКШЕ АҚПАРАТ