ДИКТОР: Тәртіп сақшылары жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп бүлдіршіндер үшін естен кетпес мерекелік кеш ұйымдастырды. Есірткі бизнесімен және есірткімен күресудің халықаралық күніне орай таза ауада жақсы демалу үшін арнайы бағдарлама әзірледі.

РКС: Балғындар мерекелік шара барысында спортшылармен жүздесіп, спорттық автокөлікке, мотоциклдар мен квадроциклдарға отырып, балалық армандарын орындады деуге болады. Әрине мұндай шараның бәрі арнайы білікті мамандардың бақылауынсыз өтпегені белгілі.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ВИТАЛИЙ ГУДЫМЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Осындай шараға қолдау көрсеткен авто, мотокроссқа ерекше алғысымды білдіргім келеді. Фитнес клубтар да белсенділік танытты. Бүлдіршіндердің таза ауада демалып, керемет әсер алуына жағдай жасаған демалыс орнына да ризашылығымыз шексіз.

РКС: Фитнес клубтардың жаттықтырушылары балалар үшін түрлі спорттық байқаулар мен жарыстар ұйымдастырды. Шараға келген барлық бүлдіршін тамақпен қамтылып, тәтті балмұздақтан да дәм татты. Кәсіпкерлер балалардың жазғы демалысы кезінде мұндай шараны жиі өткізіп тұратындарын жеткізді. Өйткені, балалық шақтың бақытты сәттері ешқашан ұмытылмақ емес,-дейді олар.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ