ДИКТОР: Көкшетау қаласының 200 жылдық мерейтойына орай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасының негізінде көкшетаулық бүлдіршіндерге «Туған күніңмен, Көкшетау» атты шара ұйымдастырды. Оның барысында түрлі ұлттық ойындар өткізіліп, өңірдің талантты жастары өнер көрсетті. Мерекелік кешті тамашалауға қала тұрғындары мен қонақтары жиылды.

ИНТЕРШУМ: РКС: Балаларды шығармашылыққа баулу, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру маңызды. Шара барысында кітап көрмесі, сурет салу алаңы ұйымдастырылып, асық, тоғызқұмалақ ойындары да өткізілді. Балғындар шараға үлкен қызығушылық танытып, белсенді атсалысты.

СНХ: МЕРУЕРТ БЕКЕЖАНОВА, №6 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Біз облыстық кітапханаға келдік. Әр түрлі ойындар ойнадық. Сурет салдық, концерт көрдік. Ән айттық, биледік. Маған кітап оқыған ұнайды.

РКС: Шараның ерекшелігі буккроссинг бұрышы. Онда балалар әдебиетіндегі шытырман оқиғаларға толы үздік шет ел шығармалары қойылған. Балалар ұнатқан кітабын өзіне сыйлыққа алып қалып жатты. Ал, кітап көрмесіне жергілікті ақын-жазушылардың кербез Көкшеге арнаған өлең-жырларының жинақтары қойылды. Айта кетейік, шараға балаларға арналған «Мозаика» кітабының авторы Дана Жантемірова құрметті қонақ ретінде шақырылды.

СНХ: ДАНА ЖАНТЕМІРОВА, ЖАЗУШЫ: Жас буынды кітапқа, мәдениетке біздің туған өлкеміздің тарихын үйрету және оқу мен шығармашылыққа баулу тәрбиелік маңызы көп деп ойлаймын. Мен алғашында балаларға шағын ертегілер мен әңгімелерді жаза бастадым. Менің шығармаларымның көбі қалай болса да осы туған жеріме арналады.

РКС: Ашық аспан астында ұйымдастырылған шараны тамашалауға келген көпшілік балғындардың өнеріне тәнті болды. Балалар би билеп, ойын-ойнап қызыққа батты. Жазғы демалыста балалардың уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасын ұйымдастырушылар алдағы уақытта мектеп жанындағы лагерьлерге баруды жоспарлап отыр.

ИНТЕРШУМ:

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ