ДИКТОР: Көкшетауға кино және театр актерлері Әділ Ахметов пен Сәрсен Сүндет келді. Олар ақмолалық жастармен кездесіп, актерлік және шешендік өнер курсын өткізді. Сондай-ақ, жиналғандар тарапынан қойылған өмір және өнер жолына байланысты сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.

РКС: «Жастар – болашақтың жарқын айнасы» деп аталған бұл кездесуді облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы мен республикалық студенттер Альянсі ұйымдастырған. Басты мақсат ел ертеңі жастардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап табуларына септесу. Әсіресе, өнер жолын таңдаған ақмолалықтардың осы курсқа қатысу арқылы жан-жақты дамуларына, актерлік шеберлік пен сахна тілі бағытындағы білімдерін шыңдауға үлес қосу.

СНХ: ӘДІЛ АХМЕТОВ, КИНО ЖӘНЕ ТЕАТР АКТЕРІ: Актер болам, актриса боламын деген жастарға айтарым жан-жақты болу керек. Ол дене икемі болсын, сахна шеберлігі дейміз, көркемсөз сөйлей білуі, тілі таза болуы, ән айта білуі, әртүрлі музыкалық инструментте ойнауы және де көп кітап оқу. Кітап адамның фантазиясын ашады, қиялын. Ал, қиыл, фантазия актер үшін өте керек.

РКС: Қонақтар жастардың сұрақтарына жауап беріп, актерлік шеберлік тренингтерін өткізді. Бұл кездесуге болашақ актерлер ғана емес, жалпы облыс жастары, яғни кез келген ниет білдіруші қатысты. Спикерлер актерлік курстардың кез келген мамандық иесі үшін берері мол деген пікірде.

СНХ: СӘРСЕН СҮНДЕТ, КИНО ЖӘНЕ ТЕАТР АКТЕРІ: Шет елде қай ВУЗ-да оқыса да өзінің кішкентай театральный студиялары болады. Өйткені, неге? Сахнаға шығу арқылы сіздер іштегі бостандықтарыңызды тәрбиелейсіздер. Еркіндіктеріңді тәрбиелейсіңдер. Адаммен қарым-қатынасты тәрбиелейсіңдер.

РКС: Кездесуге қатысқан жастар аталмыш шарадан түйгеніміз мол дейді.

СНХ: БАЙҚОНЫС ЕРЖАНАТ, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: 51 Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырып отырған кзедесу жақсы деңгейде өтті деп ойлаймын. Себебі, біздің бұдан алар пайдамыз өте көп. Яғни, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің драма театрі әртісі бөлімінің студенттеріне өзінің пйадасын көп тигізді. Себебі, жұлдыздармен ашық алаңда сұхбаттасып отырдық. Бұл деген көптеген мүмкіндіктер әкелді және де көптеген біз білмейтін тренингтер де әкелінді.

РКС: Жалпы, ақмолалықтар үшін мұндай кездесу алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта бұл үрдісті жалғастырып, осындай шараларды жиі өткізу жоспарда бар.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК КӨКШЕ АҚПАРАТ