ДИКТОР: Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында облыстың былтырғы және биылғы бюджеті талқыланды. Жиынға қатысушылар қаржылық көрсеткіштерді қарастырып, жоспарланған кіріс пен шығынды талдады. Қызу талқыға түскен сұрақтың бірі нысаналы индикаторларға қол жеткізуге қатысты болды.

РКС: Есеп берушілердің баяндамасынан белгілі болғанындай, былтыр өңірдің ішкі жалпы өнім көлемі 3 миллиард теңгеден асқан. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып, негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі өскен. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің де саны көбейген. Отырыста білім беру, әлеуметтік қамту және денсаулық сақтау саласына қатысты бюджет мәселелері де көтерілді.

СНХ: ТАЛҒАТ БҮЛТЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 2 миллиард 126 миллион теңге денсаулық сақтау саласының 12 нысанына күрделі жөндеуге бағытталса, соның алтауы былтыр аяқталоды. Жұмсалған қаржы 841 миллион теңге. Қалған нысан биыл аяқталуы тиіс. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласы ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт есебінен жергілікті бюджетке 5 миллиард 792 миллион теңге бағытталды. Оған 361 медицина техникасы, 6 қазандық жабдығы сатып алынды. 14 жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.

РКС: Десе де, былтыр бюджеттен бөлінген қаржыны кейбір басқармалар игермегені анықталды. Жоспарланған қаржының көп бөлігі маңызды жобалар мен бағдарламаларға бөлінбей қалған. Комиссия өкілдері қаржыны тиімсіз пайдалануға қатысты алаңдаушылық білдірді.

СНХ: НҰРБОЛ ӨТЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 4 бағдарлама бойынша 191 миллион 141 мың 600 теңге игерілмей қалды. Мемлекеттік сатып алу бөлімінің мамандарымен қосымша сараптама жүргіздік.

РКС: Комиссия мүшелері биылғы жылдың бюджетінде көрсетілген шаралар өңірдің тұрақты дамуын әрі қарай ілгерілетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Ұсынылған барлық бастама қатысушылардың көпшілігінің тарапынан қолдау тапты.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ