ДИКТОР: 13 маусым - Аумақтық әскерлердің құрылған күні. Аталмыш дата 2017 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылғаннан кейін пайда болды. Биыл атаулы дата облыс бойынша алғаш рет кең көлемде аталып өтілуде.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Әлемнің түкпір-түкпіріндегі шиеленістер мен қақтығыстар Қазақстанның да етек-жеңін жинақы ұстап, түрлі сын-қатерлерге қарсы тұра алатын күштерді жасақтауға мәжбүр. Солардың қатарында аумақтық қорғаныс әскерлері де бар. Биыл Қарулы Күштер құрамына кіретін осынау құрылымның жасақталғанына 7 жыл.

СНХ: ЕЛДОС РАМАЗАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекет басшысы айтып кеткендей, туған жердің тұтастығын сақтау қастерлі борыш. Батыр-бабаларымыздың ғасырлар бойы жердің шетін жауға бастырмай, бізге мирас етті. Осы орайда, көздің қарашығындай сақтау біздің басты міндетіміз. Баршаңызға табыс, зор денсаулық, еліміздің даму жолында жоғары кәсіби жетістіктер мен амандық тілеймін.

РКС: Салтанатты шара марапаттау сәтіне ұласты. Антына адал, сертіне берік 10 жан облыс әкімінің алғыс хатына ие болды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АЙБЕК БОСҚЫМБАЕВ, 99265 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ БРИГАДА КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы әскери салада мен 2001 жылдан бері істеймін Осы әскери бөлімге келісім-шарт бойынша келдім. 24 жыл қызмет етемін. Ер адам болғаннан кейін әскери өмірді таңдау, ер адамның міндеті деп оймаймын. Осы саланы таңдау мен үшін құрмет.

СНХ: ӘЛІМЖАН ТӨЛЕБАЕВ, 99265 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ: Бұл тойды үлкен шара қылып облыста бірінші рет тойлап отырмыз. Себебі, алдында штат тек 11 адамнан тұратын. Биыл Президенттің Жарлығымен 100 адамға дейін ұлғайтылып, адам саны көбейді. Сол себепті, өзіміздің Қазақстан жеріміздің әр қаласынан офицерлер, солдаттар келіп ауысып жатыр. Жеке құрамның саны 30 пайызға көбейді биыл. Әрі қарай да ұлғайта береміз.

РКС: Әскері қуатты елдің әлеуеті жоғары. Ел іргесі берік болуы үшін аумақтық қорғаныс әскерлері кез келген уақытта мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында үздіксіз дайындық үстінде.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ