ДИКТОР: Зеренді ауданындағы Қызылсая ауылдық округінің аумағында 500 адам тұрып жатыр. Олар бірнеше шаруа қожалықтарымен, шағын серіктестіктерде егін егіп, мал бағады. Сондай-ақ, диқаншлық кәсіппен айналысушылар саны да артып келеді.

РКС: Кешегі тоқырау кезеңінде Қызылсая кеншары тарап бұрыңғы механизаторлар мен малшылардың басым бөлігі өздерінің жеке кәсіптерін ашып, күнкөріс жасады.

СНХ: ЖАМБЫЛ ЖАНАТАЕВ, ҚЫЗЫЛСАЯ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Биыл көктемде 2050 деп аталатын серіктестік 2200 гектар алқапқа дәнді дақылдар екті және еңбек шаруа қожалығы 700 гектар алқапқа дән сіңірді. 8 шақырым жолды жөндеудің техникалық құжаты дайындалды. Осынау жұмыстарға 356 млн. қаржы сұрап отырмыз. Қолымызға тиісімен жол жөндеу жұмыстарын бастап кетеміз.

РКС: Жасыратыны жоқ, Қызылсая ауылдық округінде 4 түліктің төресі жылқы өсіру және оны сақтау мәселелері көп жылдардан бері шешілмей келеді. Осы орайда жеке меншік мал иелерімен түсінік жұмыстары жүргізілді. Округ орталығының шетінде жылқыны қамап, ветеринарлық шаралар өткізуге арналған арнайы орын жасалып жатыр.

СНХ: НҰРЖАН АҚМАҒАМБЕТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Ауылдың жігіттері мал тұратын және ветеринарлық шара өткізетін орынды жасап жатырмыз. Бұрын біздің ауылда 5 табын жылқы болған. Енді барлығын бір табынға біріктірдік. Осы арнайы орынға Кәсіпкер қарындасымыз Гүлдана және басқа да қалталы азаматтар қаржы бөлді. Ендігі мақсат – жұмысты сапалы аяқтап шығу.

РКС: Ауылдық округте жастарды тұрақтандыру мақсатында қадау-қадау жұмыстары атқарылуда. Қызылсаядағы мәдениет ошағы қажетті музыкалық аспаптармен жабдықталып, мәдени көпшілік шаралар өткізуге бейімделген. Бұл да жастардың бос уақытын өткізуге оң ықпалын жасауда.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ