ДИКТОР: Біржан сал ауданы 11 миллиард теңгенің инвестициялық жобасын қолға алуды жоспарлап отыр. Олар сәтті жүзеге асса 200 тұрақты жұмыс орны ашылады. Ауданда дайын өнімдерді шығаратын және қайта өңдеумен айналысатын бизнес түрлерін дамыту қажет. Сонда салық төлемдері артып, өңірдің кірісі жоғарылайды. Аталмыш ауданға қарасты Баймырза ауылының тұрғындарымен кездескен кезде облыс әкімі Марат Ахметжанов осылай деді.

РКС: Біржан сал ауданының туристік әлеуеті жоғары, тарихы тереңде жатыр. Бұл жерде емдік-сауықтыру және мәдени-танымдық туризмді дамытуға мүмкіндік бар. Бірақ, аталмыш салалардың дамуына инфроқұрылымның әлсіздігі кедергі болуда. Аймақ басшысы аудан әкіміне туризм басқармасымен бірлесіп Жүкей көлі сияқты даму мүмкіндіктері кең аумақтарды қолға алуды тапсырды. Бұдан бөлек, аудандағы елді мекендер арасындағы жолдарды жағдайын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. Биыл жолдарды жөндеуге бағытталған 7 жобаға 2,7 миллиард теңге бөлінген. Нақтырақ айтсақ, Астана-Көкшетау тас жолынан Баймырза ауылына дейінгі жолдың 9 шақырымы толық жаңартылады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Аудандық маңызға ие жолдарда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол Баймырза ауылына кіре беріс, Үлгі, Тасшалқар ауылдарындағы жолдар және Макинка селосындағы Кирова көшесі. Жалпы, Макинка селосында 10 көшені жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ, облыстық маңызға ие «Щучинск – Степняк – Уалиханов» тас жолын жөндеу 2026 жылы аяқталуы тиіс.

РКС: Біржан сал ауданында 100-ден астам ауыл шаруашылығы құрылымы мал өсірумен айналысады. Агроөнеркәсіп кешеніне қайтарымсыз субсидия, жеңілдетілген несиелендіру түрінде мемлекет тарапынан қолдау зор. Тек биылдың өзінде аудан 1 миллиард теңгеден астам көмек алады. Алдағы уақытта 3 ет фрмасын құру жоспарда бар. Бірақ, өңірде ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорын жоқ. Жеке табыс бюджет көлемінің жартысын да жаппайды. Облыс әкімі қаржылық қолдаудың қайтарымы болуы керек екенін атап өтті. Ол үшін өнімділік пен табысты артыру қажет. Бұл бағытта қолданыстағы қаланы құрайтын кәсіпорындарды дамытуға және кеңейтуге жәрдемдесу керек. Мамандарға келсек, ветеринария саласында тапшылық қатты сезіліп отыр. Сұранысқа ие мамандарды даярлауға аймақ басшысының атаулы шәкіртақысы тағайындалған.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ал бізде бүгін ветеринар жоқ. Біреу вакансия, 3-4 ветеринар осы Біржан сал ауданда зейнетке шығуға дайындалып отыр. Ертең ол кісілер кеткесін кім қарайды оны? Сондықтан бізде әкімнің стипендиясы бар. Маған ауылдаң балаларын беріңіздер. Көлемі – 250 мыңнан 1,1 млн. теңгеге. Өзім төлеймін, оқытам, сосын ауылға жіберемын. Ауылға барған кезде көтерме ақшасың, жеңіл несиесің алады. Мал дәрігерлерді адам дәрігерлеріне тең етеміз.

РКС: Аймақ басшысы аудандағы әлеуметтік және өнеркәсіп саласының дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерді ерекше атап өтті. Облыс әкімінің алғыс хатымен дәрігерлер, мұғалімдер, полиция инспекторлары мен механизаторлар марапатталды. Кездесуден кейін аймақ басшысы азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Біржан сал ауданының тұрғындары түрлі мәселеге қатысты өз ұсыныстарын айтты. Жол жөндеу, сумен жабдықтау, жарықпен қамту, ауыл мектептерінің жай-күйі толғандырып отырғанын жеткізді.

РКС: Жұмыс сапары барысында Марат Ахметжанов Баймырза ауылында жаңадан бой көтерген спорт нысанына барды. Толығымен абаттандырылған алаң. Жарық тартылып, айналасы қоршалған. Жобаға балалардың ойын алаңы, баскетбол, волейбол, футбол ойнайтын арнайы орын бар. Воркаут аймақ та жабдықталған. Баймырза ауылының әкімі Әлия Сәдуақасова аталған кешеннің құрылысы елдімекен үшін аса маңызды екенін атап өтті. Дәл осындай нысан Тасшалқар, Қоғам, Сәуле және Бірсуат ауылдарында да бос көтереді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ