ДИКТОР: Еуропа суретшілерінен бастау алатын кескіндеме өнерін еліміздің қылқалам шеберлері жақсы меңгерген. Өнердің бұл түрі суретшінің төзімділігі мен көп қажырлылығын талап етеді. Красный Яр ауылында «Өнер» студиясы оқушыларының «Көкшетау қаласының 200 жылдық мерейтойына шашу» атты сурет көрмесі өтті. Көрмеге тақырыпқа сай 30-дан астам туынды қойылды.

РКС: «Өнер» студиясы Ибрагим Исаның жетекшілігімен ашылған. Бүгінде студияда 70-тен астам мектеп оқушысы қылқалам өнерінің алғашқы әліппесмін үйреніп жүр.

СНХ: ИБРАГИМ ИСА, «ӨНЕР» СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Негізгі тақырыбымыз инсталляция дейміз ғой. Фетрлық кескіндеме. Соған қатысып жатқан 30 шақты бала. Негізгі біздің «Өнер» студиясының ашылғанына 3,5 жылдай болды. Әжептәуір нәтиже болды. 10 шақты бала оқу грантына түсті. Бір шеті Астана қаласында оқып жатыр. Ресейге кеткендері де бар.

СНХ: ЖАНЕЛЬ БОТИНА, «ӨНЕР» СТУДИЯСЫНЫҢ ШӘКІРТІ: Мен оны фетрдан істедім. Мен оны өте көп уақыт істедім. Мен аспаннан бастадым. Себебі біздің туымыздың түсі. Ол ашық аспан дегенді білдіреді. Бұл біздің Көкшетауымыз және Отанымыз.

РКС: Студия тәрбиеленушілері облыстық, республикалық байқауларда топ жарып жүр. Астана қаласында өткен V халықаралық «IQ Star 2023» өнер сайысында Дария Мағаш, Інжу Жұмаш және Жансая Маулиеваның бірлесіп жасаған «Қызыл сая» атты композициясы бас жүлдені иеленді.

СНХ: ДАРИЯ МАҒАШ, «ӨНЕР» СТУДИЯСЫНЫҢ ШӘКІРТІ: Екі құрбыммен Көкшетау қаласының 200 жылдығына арнап осындай композиция жасадық. Сол тақырыпқа сай біз ауылдың көрінісін, бейнесін бейнеледік. Жұмыста ашық түстер қолдандық.

СНХ: ЖАНСАЯ МӘУЛИЕВА, «ӨНЕР» СТУДИЯСЫНЫҢ ШӘКІРТІ: Бұл суретте киіз үймен балалар бейнеленген. Ауылда қалада сияқты емес таза ауа. Құстар сайрайды, аттар шабады.

РКС: Қолөнер туындысы қашан да бағалы. Қиял арманын, ішкі жан дүниесін түрлі түсті бояулармен шебер бейнелей білетін жастардың қатары толығуда. Көрмеге қойылған оқушылардың еңбегінен олардың туған жерге деген махаббаттын көркем жеткізгені байқалады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ