ДИКТОР: Жыл басынан бері Степногорск қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 132,6 млрд. теңгеге жеткен. 1,5 мың келі алтын, 10 мың тоннаға жуық подшипник және 400 тоннадан астам уран өндірілген. Сондай-ақ, биыл 10 млрд. теңгеге инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

РКС: Степногорск қаласында 4 мыңға жуық шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істейді. Жыл басынан бері 400-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылған. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы аясында 6 жоба субсидиялануда. Несие сомасы 445 миллион теңгеден асады. Көтерме сауда айналымының көлемі 7 миллиард теңгеден артық.

СНХ: АЛПЫСБАЙ ҚАЙЫРЖАНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл басынан бері 204,5 млн.теңгеге өнім сату мен 17 ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Қала экономикасына 6 млрд. теңге инвестиция салынды. Бюджеттің барлық деңгейлеріне салықтар және 17 млрд. теңге сомасына төлемдер түсті. Оның ішінде қалалық бюджетке-4,3 млрд. теңге. Республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді ескере отырып облыстық бюджеттер игерілді,

3,4 млрд.теңге немесе жоспарға 99,9 пайыз.

РКС: Өңір тұрғындарын алаңдататын мәселенің бірі өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін инфрақұрылым. Бұл бағытта бірқатар жоба іске асырылмақ. Биыл жылу-электр орталығының қазандықтарына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Оған кәсіпорын 7,4 млрд. теңге бөліп отыр. Қаланы тұрақты сумен жабдықтау үшін 3 жылдық жобаны жүзеге асыру қолға алынды. Жоба құны 10 миллиард теңгеге жуық. Биыл бұл жұмысқа қалалық қазынадан жарты миллиард, облыстық бюджеттен 300 миллион теңге бөлінді. Шантөбе елдімекеніндегі сумен жабдықтау желісін жаңғырту жұмысы да жалғасуда. Шаһар халқына әлеуметтік көмек көрсетілуде. Білім беру саласына жан-жақты қолдау да зор.

СНХ: АЛПЫСБАЙ ҚАЙЫРЖАНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2500 тәрбиеленуші, үштен алты жасқа дейінгі балаларды қамту 100 пайыз, бірден алтыға дейін 83 пайызды құрайды. Ағымдағы жылы Ақсу орта мектебінде күрделі жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ, білім беру объектілерін ағымдағы жөндеу жоспарлануда. Жыл басынан бері 1500-ден астам адамды қамтитын 65 спорттық іс-шара өткізілді.

РКС: Тұрғындарды жұмыспен қамтуға қатысты жұмыс та қарқынды. Жыл басынан беру 1300-ден астам адам еңбекке орналасу үшін өтініш білдіріп, оның 600-ге жуығы тұрақты жұмыспен қамтылған. Спорттық инфрақұрылымды кеңейту мақсатында да бірқатар жұмыс атқарылуда. Бестөбе кентінде дене шынықтыру-сауықтыру және ашық спорт кешенін салу жұмыстары жалғасуда. «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Қарабұлақ ауылында мәдениет үйінің құрылысы қолға алынбақ.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ