ДИКТОР: Өңірде каратэнің шинкиокушинкай бағыты бойынша облыстық ашық біріншілік өтті. Көкшетаулық 150-ден астам спортшы бақ сынасты. Өңір каратэшілері 24 алтын, 21 күміс және 31 қола медаль еншіледі.
РКС: Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 300-ге жуық үміткер қатысты. Астана, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының спортшыларынан 12 команда жасақталды. Астана қаласының командасын алып келген жаттықтырушы Мария Гриднева әлемнің 3 дүркін чемпионы.
СНХ: МАРИЯ ГРИДНЕВА, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: 20 жылдан астам шәкірт тәрбиелеп келемін. Түлектерімнің арасында әлем чемпиондары, қара белбеу иегерлері мен халықаралық спорт шеберлері бар. Облыстық біріншілікке кіші команданы әкелдік, жалпы құрамда 50-ден астам спортшы бар. Айта кетейік, біздің спортшылар Жапония қаласында өтетін чемпионатқа дайындалуда. Ол 2 жылда бір рет өтетін жоғарғы деңгейдегі дода.
РКС: Көкшетау қаласының атынан қатысқан жас спортшы Масаты Сүйін. 45 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Жалпы біріншілік 6 жаспен 15 жас аралығында өтті.
СНХ: МАСАТЫ СҮЙІН, 1 ОРЫН ИЕГЕРІ: Мен каратэге 1,5 жыл қатысып жүрмін. Менің тренерларым Бекжанова Мира және Нұрышев Рустам. Мен оранжевый пояспын. Алдағы жарыстарда да 1 орын аламын,-деп сенемін.
СНХ: ДАРХАН ҚАСЫМОВ, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Осында 600 бала тренировка жасайды. 15 жаттықтырушы бар. Жарыс жақсы деңгейде өтіп жатыр. Осы залда талай-талай жарыстар өтті. Соның бірі осы каратэ спортынан.
РКС: Өңір спортшылары түрлі додаларға қатысып, жеңіспен оралып жүр. Қазір олар шілде айында Жапонияның Токио қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. Аталмыш жарыста өңірдің 6 споршысы ел намысын қорғамақ.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ