ДИКТОР: Облыста мектеп жанынан 500-ге тарта жазғы сауықтыру алаңы жұмыс істей бастады. Оның 200-ге жуығында тамақ ұйымдастырылған. Балалар мұғалімдерімен және тәлімгерлерімен бірге кітапханаларға, театрларға, мұражайларға, кинотеатрларға барады. Лагерьдегі әр ауысымның тақырыбы мен бағдарламасы бар.

РКС: Жазғы маусымда мектеп жанындағы лагерьлерде балалар бос уақытын алуан түрлі өткізуіне барлық мүмкіндік қарастырылған. Осы кезеңде балалардың қол моторикасы, сыни ойлауы мен белсенділігі арта түседі. Жазғы лагерьмен 6 мен 12 жас аралығындағы балалар қамтылып отыр. №2 мектеп-лицейінде балаларға арналған тіл үйірмелері, хореография және спорт секциясы ашылды.

СНХ: НАДЕЖДА МЕЩЕРЯКОВА, №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ЖАНЫНДАҒЫ «КҮНШУАҚ» ЛАГЕРІНІҢ БАСШЫСЫ: Балалардың бос уақытын барынша түрлендіруге тырысамыз. Мұражайларға, кітапханаларға, театрларға, филармонияға, кинотеатрларға барамыз. Лагерьдегі күндері барынша қызықты болсын дейміз. Күнделікті жаттығулар жасаймыз. Бұл біздің дәстүрімізге айналған. Кейін балалар кабинеттерде түрлі ойындар ойнайды. Бұл ең алдымен балғындарды ұйымшылдыққа тәрбиелейтіні сөзсіз.

РКС: №2 мектеп-лицейі жанындағы лагерьге 200 бала барады. Олар 12 отрядқа бөлінген, әрқайсысына бастауыш сынып мұғалімі мен тәлімгер бекітілген. Күн сайын оқушылардың уақыты белгілі бір тақырыпқа арналады. Бүгін кітап оқу күні. Балалармен бірге далада немесе спортзалда «Көңілді старттар» өткізіліп тұрады.

СНХ: РУФИНА МАКСЮТОВА, ЛАГЕРЬГЕ КЕЛУШІ: Көптеген танымдық ойындар ойнаймыз, сурет саламыз. Асханаға барамыз. Лагерьде уақыт қызықты әрі көңілді өтеді.

РКС: Мектеп жанындағы лагерьлер балалардың интеллектуалды дамуына ғана емес, жаңа достар табуына, жаңа дағдылар мен білім игеруге бағытталған. Осындай демалыспен жаз бойы облыс бойынша 72 мыңға жуық бала қамтылмақ.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ