ДИКТОР: Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясы түлектерінің салтанатты қоштасу рәсімі өтті. Ғылыми-педагогикалық бағытта білім алған алғашқы магистрлерге де дипломдары табысталды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Марат Ахметжанов, Академия бастығы Ерлан Әлібеков, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен басқа да құрметті қонақтар қатысты.

РКС: Академияның үздік түлектері ведомство басшылығы мен облыс әкімінің қолынан диплом алды. Төтенше жағдайлар Министрі Шыңғыс Әрінов оқу ордасын тәмамдаған жас лейтенанттарды құттықтай келе, оларды алғашқы офицерлік даңқтарымен құттықтады.

СНХ: ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Құтқару міндеті – мейірман жандарға лайық. Яғни, адамдарды құтқару, құтқарушы мамандығын таңдағандардың игілігі мол, жауапты да күрделі жол. Сіздерге осы жолды абыроймен атқаруға тілектеспін. Құрметті тұлектер, жас офицерлер! Сіздерге зор денсаулық, бақыт-береке, ... тілектеспін.

РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов атап өткеніндей, Академия ұзақ жыл азаматтық қорғау органдарына кадр даярлап келе жатқан бірден бір оқу ордасы. Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясы Қазақстан бойынша болашақ құтқарушыларды даярлайтын жалғыз мекеме. Биылғы диплом алушылар оқу орнының 26-шы түлегі. Бұл күні 137 азамат төтенше жағдайлар Министрлігінің маманы атанды. Салтанатты шара барысында тасқын сумен күресуде белсенділік танытқандарға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Дәстүрге сай жоғары оқу орнының жауынгерлік туымен қоштасу рәсімі өтті. 4 жыл ішінде бұл түлектер өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, облыстың қоғамдық өміріне белсенді ат салысты.

СНХ: АСЫЛ МЕЙРАМБЕК, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ: Астана қаласының атынан оқуға түстім. Бала кезінен бері, құтқарушы маманындығын армандаған болатынмын. Менің ғана емес, барлық достарымның, түлектердің құтқарушы маманындығын таңдау – өмірлік мәні бар деп білемін. Алдағы уақытты Отанымызға адал қызмет етіп, елімізде түрлі төтенше жағдайдың алдын алуға бар үлесімізді қосып, барша ата-аналарымыздың, офицерлердің, Академияның профессорлық-оқытушы құрамның үмітін ақтаймыз деп уәде береміз.

РКС: Айта кетейік, осыдан 2 жыл бұрын Қазақ КСР өрт сөндіру бөлімінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі ардагерлер кеңесінің алғашқы төрағасы, полковник Нұрпейіс Ақпаров отбасының бастамасымен үздік түлекке Ақпаров атындағы жыл сайынғы атаулы стипендиясын беру туралы шешім қабылданған болатын. Биыл бұл стипендияға жас лейтенант Илья Верник лайық деп танылды. 4 жылды артқа тастап, қолдарына диплом алғалы тұрған түлектерге қолдау білдіруге жақындары мен дос-жарандары жиналған.

СНХ: НАЗИРА ДҮЙСЕНОВА, АТА-АНА: Менің немерем бүгін академияны аяқтап, диплом алып жатыр. Соған мен Астана қаласынан келіп отыр, әжесімін. Балам өмір жас ұзақ болсын, дипломы құтты болсын. Ата-анасының жемісі жетсін, халыққа еңбек етсін.

РКС: Бұл жолғы түлектер кешінің ерекшелігі сол – академия әнұраны алғаш рет шырқалды. Шара соңында түлектер офицерлердің қоштасу вальсін биледі.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бұдан кейін жас лейтенанттар соңғы рет курсанттардың салтанатты шеруіне қатысты. Күні бүгінге дейін жоғары оқу орны 6 мыңға жуық маманды даярлаған. Және азаматтық қорғау органдарының осыншама қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Барлық түлектер Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне жұмысқа орналасқан.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ