ДИКТОР: Ақмола облысында 13 орман шаруашылығы бар. 500-ге тарта мемлекеттік орман күзетшісі сапта. Былтыр өңірдегі бірқатар орман алқаптары отқа оранып, біршама шығын келді. Ал, техникалар болса әбден тозған. Осыны ескерген аймақ басшысы Марат Ахметжанов Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жаңа 9 көліктің кілттін табыстады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Облыс әкімі сыйға тартқан 9 көлік өңір орман-тоғайларының сақтығын бақылауға жұмылдырылмақ. Mitsubishi маркалы көлік кез келген жерден еш қиындықсыз өте алады. Тіпті, арнайы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов өз сөзінде орман шаруашылығы жұмыстарының мағыздылығын атап өтіп, оларға жергілікті билік тарапынан көрсетілетін қолдаулар жалғаса беретінін жеткізді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Соңғы 10 жылда орман көлемін қалпына келтіру жұмыстарының тұрақтылығы байқалады. Мемлекет басшысы, біздің президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауын жүзеге асыру үшін Ақмола облысының 2021-2023 жылдары 40 миллион данадан аса қылқан жапырақты көшеттер және 6 мың гектардан аса алқапқа жапырақты ағаштар отырғызылды. Ағымдағы көктемде орман шаруашылығы мекемелері орман қорының 12,5 миллион дана ағаш отырғызды. Күзде де ағаш отырғызу жұмыстары жалғасады.

РКС: Айта кетейік, соңғы үш жылда орман қорғаушылардың киімдері де жаңартылып, өртке қарсы киім жабдықтары да сатып алынды. Оған 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Шара соныңда орман шаруашылығы бірнеше қызметкері "Экология саласының үздігі" төсбелгісімен және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен мараптталды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Сонымен қатар, Ақкөл ауданының тұрғындары арнайы техникалар үшін аймақ басшысы Марат Ахметжановқа өздерінің алғыстарын жеткізді. Техниканың толығуы жұмысты әлдеқайда ширата түседі,-дейді ақмолалықтар.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ