ДИКТОР: Қопа көлінің жағалауындағы автомобиль жолы жақын арада ел игілігіне тапсырылады. Облыс әкімі Марат Ахметжанов құрылыс барысымен танысып, жауапты мердігер компания өкілдеріне мерзімнен кешікпеуді міндеттеді. Сондай-ақ, ол жердің қарапайым халық үшін жасалатынын алға тартып, басты назарды сапаға аудару қажет екенін ескертті.

РКС: Қопа көлінің жағалауында орналасқан мына жолдың құрылысына қажетті жобаны 2023 жылы Көкшетау қалалық әкімдігі әзірлеген болатын. Ал, биыл облыс әкімі Марат Ахметжановтың бастамасымен «Каз Цинк» және «АБК Автодор НС» серіктестіктерімен келісім шарт жасалған. Осы күндері құрылыс монтаждау жұмыстары басталып кеткен. Жобаның жалпы құны 3,3 миллиард теңге. Жолдың ұзындығы 1,7 шақырым болады деп күтілуде.

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жобаға сәйкес бұл жерге 4 жолақты жол салынады. Екі жағына жарықтар орнатылып, жаяу жүргіншілер мен велосипедке арналған жолдар жасалады. Бұл жұмыстар, жоспарға сай, 11-қарашада аяқталуы тиіс. Бірақ, мердігер компания өкілдерінің айтуларынша, жұмыс күшейтілген режимде жүргізіледі және мейлінше қысқа мерзімде аяқталады.

РКС: Жоба дайын, бюджеттен тиісті қаражат бөлініп жатыр деген Марат Ахметжанов мердігер компания басшылығына жұмысты тоқтатпауды міндеттеді. Жаз мезгілін, жылы күндерді тиімді пайдаланып қалу керек деді облыс әкімі.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 22 Жер қойнауы халыққа тиесілі. сіздер ірі компания ретінде республикакға әжептәуір салық төлеп отырсыздар. Дегенмен, жер қойнауының пайдасын қарапайым халық та көруі керек. Тұрғындар біздегі ірі компнаияларды білуі тиіс. Ол үшін сіздер жақсы жұмыс жасауға міндеттесіздер.

РКС: Бұдан кейін облыс әкімі әлеуметтік осал топтарға берілетін пәтерлердің сапасын тексерді. Сарыарқа шағын ауданында орналасқан мына 10 қабатты үйдің 63 пәтерін бюджет есебінен сатып алу жоспарланған. Оған республикалық бюджеттен 1 миллиард 686 миллион, облыстық бюджеттен 722 миллион теңге қарастырылған. Үйлердің сапасын тексерген Марат Ахметжанов ұсақ-түйек деген түсініктен арылу қажеттігін ескертті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ал, мынау Сарыарқа шағын ауданындағы 12-ші үй. Баспана 2025-жылы қолданысқа берілуі тиіс. Бұл жерден әкімдік 8 пәтер сатып алуды көздеп отыр.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз 129 пәтер сатып алуды көздеп отырмыз. Конкурстық шаралар жүргізілді. Осы айдың аяғына дейін пәтер кілттерін табыстауды бастаймыз. Бұл 129 пәтер дайын. Одан бөлек, бюджеттен тағы 385 пәтерге қаражат бөлінуі тиіс. Оларды жыл соңына дейін аламыз. Пәтерлерді салғаннан дайынын сатып алған әлдеқайда тиімді. Өйткені, біріншіден көп уақытты қажет етпейді, ал, ең бастысы сапалы, тұрғындар үшін жайлы, дайын баспана сатып аламыз.

РКС: Одан қалды жыл сайын құрылыс материалдарының бағасы қымбаттап жатқандықтан, дайын үйлерді сатып алу әлдеқайда тиімді дейді,-қала әкімі.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ