ДИКТОР: Көгершін Думан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бес асықтан алтын медаль теленді. Айта кетейік спортшы Зеренді ауданының тумасы. Жеңімпазды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Керемет сәттің куәсі болып қайтқан тілшіміз Евгений Варанкин айтсын.

РКС: Көгершін Думан бес асық ойынында алтын медаль иегері атанды. Көгершіннен бөлек тағы үш бұрымды спорттың бұл түрінен ұлттық құраманы таныстырды. Бес асыққа барлығы 9 ел қатысты. Финалға шығу жолында Қазақстан командасы Қырғызстан, Венгрия, Румыния және Швеция құрамаларын жеңді. Финалдық ойындарда қазақстандық спортшылар Ресейдің Саха Республикасының командасын басымдықпен жеңді.

СНХ: КӨГЕРШІН ДУМАН, БЕС АСЫҚТАН V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ: Жарыс өте бәсекелестік деңгейінде өтті деуге болады. Барлық команда жақсы дайындалып келді. Соған қарамастан біз намысты қолдан бермеуге тырыстық. Ежелден намысымызды қолдан бермеген халықпыз ғой. Туымызды жерге жықпай, намысымызды қорғап шығайық деп барша тырыстық. Осылайша алтыннан алқа тағып бірінші орынды арқалай келіп қалдық.

РКС: Көгершін жаттықтырушы Самат Әукеновтың жетекшілігімен соңғы 6 жыл көлемінде ұлттық спорт түрі бес асықпен айналысады. Осы жеңісінен кейін спортшыға Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді.

СНХ: САМАТ ӘУКЕНОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Көгершінді көріп тұрсыздар, көзі жанып тұр, маған сол керек. Жақсы ойнайды қызым. Мен де өзім жұмысымды жақсы атқарамын. Бір-бірімізді түсінеміз. Қай кезде үзіліс алу керек, қай кезде демалу керек, қай асықтармен ойнау керек.

РКС: Халықаралық ойындардың жеңімпазы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Көгершін келесі аптада жаттығуын жалғастырады. Өтйкені, ол жақын арада бес асықтан Қазақстан Республикасының чемпионатында өнер көрсетпек. Онда да үздік атанудан үмітті.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.