ДИКТОР: Атом электр станциясын салу жөніндегі облыстық халықтық штабының өкілдері Шоқан Уәлиханов университетінің ұжымымен кездесу өткізді. Онда атом электр станциясын салу жобасының маңызды аспектілері, оның ел энергетикасының дамуына әлеуетті әсері, сондай-ақ оның әкелетін экологиялық және экономикалық пайдасы талқыланды.

РКС: Қоғамда атом электр станциясы құрылысына қарсылар Еуропаның қалаларында атом электр станциялары құрылысы аяқталмай немесе қолданысқа берілмей жатып жабылып жатыр деген мәселені белсенді талқылауда. Мамандардың пікірінше, бұл азаматтарды біршама адастырады.

СНХ: ИГОРЬ ПЛЮСНИН, АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Мәселен, кеше маған әлеуметтік желілерде Германияда Мюльхайм қаласында станция жабылды деп жазды. Бірақ Еуропадағы станциялар тек Германияның өзінде жабылады деп айтқым келеді. Бұл үшін негізделген шешімдер бар. Сол Мюльхаймда 1986 жылы станцияның құрылысы басталды, бірақ 1987 жылы пайдалануға берілмей тұрып, ол жабылып қалды. Құрылысқа қатысты құжаттардың дұрыс ресімделмегендіктен. Германияда қазір энергияның профициті бар.

РКС: Шарада атом энергетикасының жылу энергетикасынан басты артықшылықтары туралы айтылды. Олар атом электр станцияларының энергия тиімділігінде. Атом электр станциялары отынды аз тұтынумен айтарлықтай көп энергия өндіреді және бұл отын тиімдірек пайдаланылады. Сонымен қатар, атом электр станциясының құрылысы кезінде жаңа жұмыс орындары пайда болады және ол жоғары технологиялық салалардың дамуын қамтамасыз етеді.

СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Кездесу өте сындарлы және мазмұнды өтті. Спикерлер Қазақстанда атом электр станциясын салу қажет екенін дәлелдейтін деректерді ұсынды. Мен келтірілген дәлелдер сенімді екенін санаймын. Осындай кездесулердің арқасында туындайтын мәселелер белгілі бір дәрежеде шешіледі деп санаймыз. Қауіпсіздік жөнінде көптеген сұрақтар бар, осындай кездесулер барысында оларға түсініктеме беріледі. Мұндай кездесулер пайдалы болуы керек.

РКС: Осылайша, Қазақстанда атом электр станциясын салу елдің энергетикалық теңгерімін жақсартып қана қоймай, экологиялық тұрақтылыққа, жаңа жұмыс орындарын құруға және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға үлес қосады. Кездесу соңында халықтық штабының мүшелері кездесуге жиналғандарға бұл мәселеде әркімнің дауысы маңызды екенін еске салды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ