ДИКТОР: Облыстық халықтық штаб мүшелері 4-ші орта мектептің ұжымымен кездесті. Штаб мүшелері алдағы референдумның маңыздылығын түсіндіріп, ұстаздармен пікір алмасты.
РКС: Атом электр станциясын құру мәселесі еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап қарастырылып келеді. Бүгінде елімізде энергия тапшылығы мәселесі өзекті тақырып. Атом электр станциясының құрылысы бұл мәселені шешіп, аймақтық инфрақұрылым мен экономиканың дамуына ықпал етуі мүмкін.
СНХ:АЙГҮЛ ӘРІНОВА, АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Атом электр станциясын салу мәселесі Қазақстанда 2014 жылы көтерілген еді. Тіпті сол кезде Самұрық-Қазына жанынан серіктестік те құрылды. Биылдан бастап Қазақстанды баламалы және экологиялық таза энергия көзімен қамтамасыз ету мақсатында атом электр станциясын салуға қатысты зерттеулер басталды. Еліміз электр энергиясымен қаншалықты қамтамасыз етіледі, бүгінгі таңда бұл болашағымызды айқындайтын мәселе. Себебі, бұл мәселені Қазақстандағы қазіргі бар энергия көзімен шешу мүмкін емес. Жасыл технологиялар баламалы энергия көздерін енгізуді көздейді. Атом электр станциясы қазір туындап отырған бірқатар мәселені шешуге мүмкіндік береді.
РКС: Атом электр станциясының құрылысы еліміз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл жобаны мектеп ұжымы да қолдап отыр.
СНХ: АЗИНА ОСПАНОВА, №4 ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты оң пікірлер айтуға болады. Әрине, ол Қазақстанға тиімді. Өйткені экономикалық жағынан көп септігін тигізіп тұрады. Экологияға байланысты айтсақ, ол да тиімді болады. Және де көп жұмыс орындар болады. Мысалы, бізде елімізде электр тапшылығы көп болғандықтан, осы электростанциясын құру бізге өмірімізде жағдайымызды жақсартады деп ойлаймын.
РКС: Кездесу соңында облыстық халықтық штабтың мүшелері ұстаздармен пікір алмасып, қазанның 6-сы күні өтетін референдумға келіп, өз таңдауын жасауға шақырды. 2021 жылдан бері пікірталас тудырып келе жатқан атом электр станциясын салу мәселесі аталған референдумнан кейін нақты шешілері анық.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ