ДИКТОР: Ақмола облысына жұмыс сапарымен көлік министрі Марат Қарабаев келді. Сапар барысында тұрғындармен кездесіп, көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді.

РКС: Қала тұрғындарын мазалап жүрген сұрақтардың басым бөлігі өңірдегі маңызды деген авто жолдарда атқарылып жатқан жөндеу жайлы болды. Олар Көкшетау-Омбы, Петропавл-Жезқазған тас жолдарына қатысты.

СНХ: МАРАТ ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ: Ең елдің көптеген мәселесі осында сұраған мәселе Көкшетау-Омск жолы болған. Және ол жол қазір жөндеуден өтіп жатыр. Көкшетау жолдары осында жергілікті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр және біз оны келесі жылы толығымен аяқтайтын боламыз. Ол бір. Ал енді екінші тағы да ел-жұрттың сұраған мәселесі мына Петропавл-Жезқазған учаскесі болған. Оған тиісті қаражат бөлінді. Және 45 шықырым және 2 блокқа бөлініп сол жақта жөндеу жұмысьары басталды. Жалпы 946 шықырым Петропавловскпен Жезқазған арасы толығымен жөндеу жұмыстары өтетін болады. Орташа жөндеу, кейбір жерлерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Біздің жоспар 25-ші жылы осы жолды толығымен аяқтау.

РКС: Автомагистральға келгенде бір ғана мәселемен шектелу мүмкін емес екені белгілі. Сондай өзекті мәселенің тағы бірі Макинск-Ақсу-Торғай тас жолы. Зерендіге баратын 3 жолақты жол да салынады.

СНХ: МАРАТ ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ: Макинск-Ақсу –Торғай жолы оны біз екі неге учаскіге бөлдік. Және ол жақта біз медігер компанияны айқындадық. Ол жақта да жұмыс енді басталады. Тағы құжатын әзірледік. Құжатын әзірлеп, тиісті конкурстық процедура өткіздік және жұмысты биыл бастаймыз. Нағыз қарқынды жұмыс келесі жылы болады.

РКС: Қазақстан Республикасының көлік министрі Марат Қарабаев тұрғындарды толғандырып отырған сауалдарға толық жауап берді. Одан соң азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, мүмкіндігінше нақты шешім шығаруға атсалысатынын жеткізді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ