ДИКТОР: Облыс бойынша 400 мыңнан астам ірі қара, 620 мыңға жуық ұсақ ма, 270-ке тарта жылқы бар. Тіпті солтүстік өңір үшін экзотика саналатын 200-дей түйе өсіріледі. Ветеринарлық қауіпсіздікті сақтау маңызды. Малдан адамға жұғатын аурудың алдын алу шаралары да уақытылы жүргізіліп тұрады. Бұл жұмыстардың қазіргі қарқыны қандай? Қаражат жағынан таршылық жоқ па? деген сауалдың туындайтыны сөзсіз.Журналистердің сан түрлі сауалына облыстық ветеринария басқармасының басшылығы жауап берді.
РКС: Ветеринарлық қауіпсіздік сақтау мақсатында облыстық қазынадан 3,1 миллиард теңге бөлінді. 8 айда соның 1 миллиард 800 миллион теңгесі игерілді. Облыс аумағындағы ветеринариялық станцияларға аса қауіпті жануарлар мен құстардың ауруларына қарсы вакциналар орталықтандырылған жүйе бойынша жүзеге асырылды. Яғни вакцина республикалық қазынадан бөлінген қаржыға сатып алынады. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарына екпе егуге 6,7 миллион теңге бағытталса, бруцеллез бен өзге де аса қауіпті ауруларға зерттеу жүргізуге 1,3 миллион теңге қарастырылып отыр.
СНХ: АҒЫБАЙ СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 8 айда, 4,3 млн ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарға вакцинациялау жүргізілді, зертханаларда бруцеллезге және басқа да аса қауіпті ауруларға зерттеу үшін 361,679 мың ІҚМ қан сынамасы немесе 8 айдағы жоспардан 105 % пайызы зерттелді.
РКС: Жыл басынан бері бруцеллез ауру бойынша Зеренді ауданына қарасты Қонысбай ауылында 1 қолайсыз ошақ тіркелді. Қазір ол толықтай сауықтырылды. Облыс аумағында мал қорымы мәселесі өзекті. Қазір аймақтың елдімекендерінде 200-ден астам мал қорымы бар. Заманауи қорымдармен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі арнайы бағдарлама бекітті. Оны жүзеге асыру үшін 108 жер телімі рәсімделді. Бірнеше жыл бұрын Біржан сал ауданында типтік 5 мал қорымы салынды.Жануарлардың өлекселерін жағуға арналған 30-дан астам инсиниратор бар. Облыс аумағында ет өңдейтін 10 кәсіпорын, мал соятын 11 пункт бар. Сондай-ақ 50-ге тарта сою алаңы да жасақталған.
СНХ: АҒЫБАЙ СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Заңнамаға сәйкес бруцеллезге оң нәтиже берген жануарлардың иелеріне жануарларды санитарлық союға бағытталған орташа айлық нарықтық құнның 30 пайызын өтеу жергілікті бюджеттен көзделген. 2024 жылы ауру жануарлар шыққан мал иелеріне өтеуге 76,5 млн.теңге қаражат бөлінді, қазіргі уақытта мал иелеріне 568 бас ІҚМ және 8 бас ұсақ мал үшін 68,2 млн. теңге сомасы төленді, қаражаттың 89,1% игерілді. Қажет болған жағдайда қосымша бюджеттік өтінім ұсынылады.
РКС: Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою мәселесіне келгенде заң талаптарын қатаң сақтау шарт. Олардың санын реттеу үшін қазынадан 96,5 миллион теңге бөлінді. Жылдың басында төрт бағдарлама бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізілді. Оған сәйкес жеңімпаз деп танылған компаниялар 5,5 мың бас ит аулап, 1600-дей қаңғыбас итті өлтірді. Бөлінген қаржының 79,5 млн. теңгесі игерілді. Ветеринария саласындағы тағы бір өзекті мәселе – кадр тапшылығы. Айта кетейік, соңғы 3 жылда «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы аясында облысқа 90-ға жуық ветеринарлық маман тартылды. Жыл басынан бері 35 жас маман жұмысқа қабылданды. Сонымен бірге оларға барлық жағдай жасалып жатыр. Ветеринарлық мамандардың орташа жалақысын 35 процентке көтеру мақсатында министрлікке өтінім де жолданыпты.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ