ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Целиноград ауданына қарасты Родина ауылының тыныс-тіршілігімен танысты. 2 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда қаладағы инфрақұрылымның барлығы бар. "Родина" серіктестігі елдімекен тұрғындарына қажетті жағдайдың бәрін жасап отыр.

ИНТЕРШУМ:

РКС: "Родина" сүт зауыты күніне 80-90 тонна өнім өндіреді. Табиғи сүт жыл сайын қол жетімді. Серіктестік жұмысшыларының орташа жалақысы 330 мың теңге көлемінде. Кәсіпорын өнімнің негізгі бөлігін елорда нарығына жеткізеді. Қазіргі таңда аумағы 3 мың шаршы метр болатын сиыр сауатын қосымша жаңа алаңның құрылысы жүріп жатыр. Бұл сүт өндірісін екі есеге арттыруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, Целиноград ауданына қарасты "Мәншүк" серіктестігі де сүт-тауарлы ферманың құрылысын бастап кетті.

СНХ: ТИМУР ПІШЕНОВ, СЕРІКТЕСТІКТІҢ БАСШЫСЫ: Біз ауыл шаруашылығын қолдауға қатысты мемлекеттік көмекті алып жатырмыз. Құрылыс-монтаж жұмыстары құнының 25 проценті және әр мал басы үшін 4 мың теңге көлемінде инвестициялық субсидия аламыз. Қазіргі таңда 1500 бас мал жеткіздік. Сауылған сүтті "Родина" агрофирмасына тасымалдаймыз.

РКС: Сондай-ақ, вице-премьер Серік Жұманғарин өңір аграрийлерімен жиын өткізді. Онда көктемгі егіс жұмыстарының барысы пысықталды. Сонымен қатар, шегірткеге қарсы жұмыстар да сөз болды. Сондай-ақ, жиын барысында ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтары арасындағы жер салығында үлкен айырмашылық бар екені қозғалды.

СНХ: СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір біз жаңа бағдарлама бастадық. "Кең-Дала 2" деген. Жалпы 180 млрд теңге көктемгі дала жұмыстарына жылма жыл бөлінетін еді. Биыл "Кең-Дала 2" деген бағдарлама арқылы оны 3,5 есе оны көбейттік. 580 млрдқа дейін оны жеткіздік. Оның бір ерекшелігі бірден фермерлерге 5 пайыздан береміз несиені. Себебі, аграрлы несие корпорацияның ішінде бірден арзантадамыз несиені. Әрине, ол өте жақсы. Бірақ, біраз сын келіп жатыр. Себебі, кейбіреулерге қолжетімділігі өте төмен. Неге? Негізі кепілдіктер жетпейді. Сол себепті, қаразатты бөліп біздер бірден "Даму" акционерлік қоры арқылы қазіргі уақытта 85 пайызға дейін кепілдік ьеріп жатырмыз несиенің. Бірақ сұрақтар көтерілді мында.

РКС: Жиында көтерілген біраз мәселе алдағы уақытта өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдерінің қатысуымен өтетін кеңесте қаралмақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ