ДИКТОР: Көкшетаудағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының еншілес ұйымы «Семізбай-U» серіктестігі мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік шара ұйымдастырды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Серіктестік қайырымдылық шарасын ұйымдастыруғады игі дәстүрге айналдырған. Бұл жолы олар мүмкіндігі шектеулі балаларға керемет көңіл-күй сыйлады. Бұдан бөлек сыйлықтарын да ала келіпті.

СНХ: ЖОМАРТ ТЕМЕНҰЛЫ, «СЕМІЗБАЙ-U» КЕН ОРНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Әлеуметтік жауапкершілік аясында компаниямыз осы Көкшетау қаласының арнайы орталығына өзіміздің кішігірім сыйлығымызды алып келдік. 2 телевизор, анимация жасайтын адамдарды шақырдық және тәттілер мен кітап сыйладық. Сонымен қатар біздің компания осы ұжымның адамдарына алғысымыз шексіз. Бұл шынымен күнделікті қиын жұмыс. Оларға денсаулық тілейміз.

РКС: Айта кетейік, орталықта 3 жастан 18 жасқа дейінгі 70-ке жуық бала тәрбиеленіп жатыр. Оның 20-дайы күндіз осы жерде қажетті ем-дом алып, кешкі мезгілде үйіне қайтады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға 40-қа жуық маман қызмет көрсетеді. Арнаулы орында барлық жағдай қарастырылған.

СНХ: СЕРІК ӘЛМЕСЕКОВ, КӨКШЕТАУ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Осындай қайырымды жандардың көмегі біз үшін үлкен демеу. Жыл басынан бері 4-5 қайырымдылық шарасын келіп ұйымдастырған мекемелер болғанын айта кеткім келеді. Бұл ең алдымен қамкөңіл балалардың көңілін аулау шарасы болса, екіншіден орталыққа қажетті жабдықтарды алуға да үлкен қолдау. Барша біздің демеушілерімізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

РКС: Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының кішкентай тәрбиеленушісі Анжелика Хулхачинова қонақтар алдында өз өнерін көрсетті.

ИНТЕРШУМ: би

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ