ДИКТОР: «Жырымен тербеген Көкшенің Көкені». Осындай атаумен облыстық жыршылар байқауы өтті. Дода сөз өнерінің саңлағы, айтыскер ақын Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған. Байқау 10-ға жауық жыршы термешінің басын қосты. Жас ерекшеліктері де әртүрлі.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Көкен Шәкеев 13 жасынан лирикалық және поэтикалық шығармаға жаны жақын болған талант иесі. «Қабанбай батыр» мен «Бөгембай батыр» эпосын айтып, қазақтың жырын жырлаған ақын. Байқауда бірінші болып өнер көрсеткен Райымбек Айтжан Көкен Шәкеевтің туындылары қазір сирек кездесетін, құны жоғары шығармашылық, - дейді. Додада Райымбек Қазақстанның халық ақынының «Менің жырым» әнін орындады.

СНХ: РАЙЫМБЕК АЙТЖАН, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ (ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ): Мұнда кезіндегі комунистік кезі болды ғой. Сонда «менің дауысым - партия дауысы, менің жырым – ба жүректің сезімі, менің үнім – партияның үндеуі, коммунистер күш жігері сезімі, - дейді. Мұнда өзім шығарғаным, әуені күшті шығып тұрған соң кеңес үкіметіне ұқсатып, әуен шығарып айттым. Бір патриоттық ән деп айтсам болады.

РКС: Халық ақыны Көкен Шәкеевтің шығармашылығын насихаттауға бағытталған байқау 2 кезеңнен тұрады. Алғашқы, іріктеуі онлайн форматта ұйымдастырылған. Оған өңірдің 12 жыршысы қатысуға ниет білдірген. Ал одан сүрінбей өткен 9-ы енді қазылар алқасының алдында өз өнерлерін көрсетуде.

СНХ: НҰРГҮЛ ЖҮСІП, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Екінші кезеңде кез-келген жыраулардан үзінді. Және Көкен Шәкеевтің шығармасын орындау керек. Оларды жырдан бағалайды. Ережедегі талап – орындалатын жыр 5 минуттан кем болмау керек. Орындау шеберліктеріне, сахна мәдениетіне қарайды. Қазіргі таңда жыршылар байқауын дамыту мақсатында бізде дәстүрлі 3-ші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Жылда бір рет өтеді.

РКС: Аршалы ауданының намысын қорғаған Айсұлу Ысқақова үздік үштікке кірді. Екінші орынды Бұланды ауданының жыршысы Елеш Нұрғиса иеленсе, бірінші орын Баян Жұбановаға бұйырды. Ал бас жүлдеге, яғни 200 мың теңгенің сертификаты Бұландыдан келген Ұлдана Нұртуғанға табыс етілді.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ