ДИКТОР: Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қатары толықты. Бүгін 12 ақмолалыққа салтанатты түрде куәлік табысталды. Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асырады. Елімізде қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосып келеді. Сонымен бірге этносаралық қарым-қатынас саласында қоғамның мемлекеттік және азаматтық институттарының өзара іс-қимылының тиімдігін арттырады. Ассамблея мүшелігінің куәлігі мен төсбелгісін алғандардың арасында этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ұстаздар мен белсенді жастар да бар. Салтанатты шараға қатысушылар ізгі тілектері мен алғысын жеткізді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АЛЕНА МАЛЬКОВА-СОЛОПОВА, КӨКШЕТАУ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Бүгін өте керемет іс шара өтті. Мен үшін ерекше күн. Өйткені ресми түрде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесімін. Қазақ тілін насихаттап, дамытуға Қазақстанның болашағының жарқын болуына үлес қосуға қуаныштымын.