ДИКТОР: Зеренді ауданы бойынша 40 демалыс орны бар. Онда қоршаған айналаны таза ұстау мен экологиялық жағдайды жақсарту маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаны белгілі. Оның аясында Зеренді ауданындағы «Восточный» демалыс орталығының аумағында «Таза жағалау» акциясы өтті.

РКС: Акцияға Зеренді ауданы әкімдігінің, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен 60-тан аса студент қатысты.

СНХ: ӘСЕН ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Акцияға біз де үлесімізді қосып жатырмыз. Президентіміздің тапсырмасына сай, әрбір ауылдық округте осындай экологиялық акциялар өтіп жатыр.Бүгін ұлттық паркпен бірігіп жасап жатқан екінші шара. Оның барысында 10 мың түптей ағаш көшетін отырғыздық.

РКС: Халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлық сезімін ояту экологиялық акцияның басты мақсаты. Шара барысында жағалау маңында шашылып жатқан қоқыстар жиналды.

СНХ: АЙЗАДА ТҰРАРБЕК, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Зеренді өңіріне өз группамызбен келдік. Табиғатты аялауға, қорғау үшін үлесімізді қосуға келдік. Жастарға айтарым, өзіміздің таза ауамызбен, табиғатымызды сақтау үшін әрқайсысымыз ормандарымызды қорғасақ, барлық адамдар өз артынан жинап жүрсе, барлығы ұқыпты болар еді.

РКС: Экологиялық акция барысында студенттер табиғатты қорғау тақырыбында сурет салып, шағын қойылым көрсетті. Табиғат пен адамның арасындағы тығыз байланыс, қоршаған ортаға деген мейірімділік пен қамқорлықты қойылым арқылы суреттеді.

ИНТЕРШУМ:

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ