ДИКТОР: Словенияның астанасы Любляна қаласында жастар мен балалар арасында брейкингтен әлем чемпионаты аяқталды. «Бурабай» балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің спортшысы Әмір Қылышбаев 2014-2015 жылы туған балалар арасында алтын медальды еншілеп қайтты.

РКС: Брейкинг – 1970 жылдардың басында АҚШ-та жастар арасында құрылған дала биінің спорттық түрі. Би арқылы сезімін білдіретін өнер. Әлем чемпионатына 50 елдің өкілі қатысты. Ақмола облысының жаттықтырушысы тәрбимеленушілерімен мақтанады. Еңбегінің жемісін көргеніне қуанышты.

СНХ: ДАМИР БАЙМУРЗИН, БРЕЙКИНГТЕН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Өзіммен бірге 4 адам бардық. Бәрі іріктеуден өткендер. Сәйкесінше топ-32-ге енгендер. Әмір Қылышбаев Қазақстанға балалар арасында алғашқы алтын әкелгенін айта кеткім келеді. Брейкинг, брейк-данс бағытында Әлем чемпионын иеленіп, елімізге ғана емес, Ақмола облысына да алғашқы жүлде әкелген өрен. Еңбегіміздің жанғаны деп білемін.

РКС: Брейкингтен Ақмола облысынан шыққан алғашқы чемпион Әмір Қылышбаев әлемдік деңгейдегі сахнаға көтерілген кездегі сезімінің ерекше болғанын айтады.

СНХ: ӘМІР ҚЫЛЫШБАЕВ, БРЕЙКИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Брейкингпен айналысқаныма 2,5 жылдай болды. Ол кездегі сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ең алдымен менің жеңісім жаттықтырушымның ерен еңбегі деп айтар едім. Әрдайым менің әр қозғалысымды бақылап, бағыт-бағдар беріп отырды. Осы жеңіске жетеледі. Анам алғаш рет мені даярлық жаттығуына жазып қойып, кейін әкем қолдады. Маған өте ұнады, сол сәттен бастап жаттығып келемін.

РКС: Жаттықтырушы мен оның тәрбиленушілерінің алдында зор мақсат тұр. Жоспарды орындау үшін жаттығуда тер төгуде. Олимпиада ойындарына ілігуден үмітті.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, МАДИНА ӘБДІКӘРІМОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ