ДИКТОР: Бурабай ауданына қарасты Оқжетпес ауылының оқушысы Бекзат Бейсенбай қарағай инелерінен емдік сусын жасау жолын ойлап тапты. Оқушы мен жоба жетекшісінің айтуынша, ол сусынды күнделікті өмірде аскорбин қышқылының немесе ағзаға ауадай қажет басқа да дәрумендердің орнына пайдалануға болады. Бұл идеяның тууына ауылдың курорттық аймақта орналасқаны арқау болса керек. Өнертапқышпен арна тілшілері танысып қайтты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Емдік сусынды жасамас бұрын Бекзат пен ұстазы Гүлнәр Сейітова ауыл шетіндегі орманға келіп, қарағай инелерін жинайды. 1 литр сусын алу үшін 10 грамм ине қажет. Оның түр-түсінен бөлек, жылдың қай мезгілінде алынғаны да маңызды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ақпан айында жиналған иненің емдік қасиеті молырақ болады екен. Бекзат сусын құрамын нақты әрі дұрыс есептеп шығару үшін мектеп зертханасымен шектелмей, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті профессорларының көмегіне жүгінген.

СНХ: ГҮЛНӘР СЕЙІТОВА, ОҚЖЕТПЕС ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Сусынның құрамында фитоцидтер, С,Е дәрумендері, каротин, эфир майлары, микро және макроэлементтер бар. Сусынды күніне 3 рет тамақтанудан 30 минут бұрын 50 миллилитрден аспайтын шағын дозада қолдануды біз ұсынамыз. 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалар – тамақтан кейін күніне 3 рет бір шай қасық. Сусынды 10 күннен 1 айға дейінгі курстарда ішу ұсынылады.

РКС: Бекзат Бейсенбай мұндай сусынның Қазақстан бойынша баламасы жоқ,-дейді. Идея авторы болашақта фито-дәмхана ашуды көздейді.

СНХ: БЕКЗАТ БЕЙСЕНБАЙ, ОҚЖЕТПЕС ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: 42 Туристерге, қонақтарға және жергілікті тұрғындарға Бурабай кентінің орталығында «Қарағай сыйы» фукционалды сусыны мен оның негізіндегі сусындар ұсынатын шөп дәмханасын ашуға ниет бар. Бірақ, біз демеушілерді іздейміз. Интернетте қарағай инелерінен жасалған сусындарға арналған рецепттер бар, бірақ біз өз рецептіміз бойынша дайындалған фукционалды сусынды ұсынамыз.

РКС: 1 литр емдік сусын алу үшін 5 грамм ұсақтап туралған қарағай инесіне 2 кесе су құйып 15-20 минут қайнату қажет. Одан кейін суытып, сүзіп, лимон, бал немесе түрлі жеміс шырындарын қосуға болады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бекзат Бейсенбай 11-сыныпты аяқтаған. Ұлттық бірыңғай тестілеуде химия пәнін таңдаған. Болашағын медицинамен байланыстырғысы келеді. Алдағы уақытта басқа да тың идеялардың авторы атанып, отандастарының өмірін жақсартуға, еліміздегі медицина саласының дамуына үлес қосуды армандайды.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ