ДИКТОР: Түркі әлемінің рухани мәдениеті түрік тілінің әлемге тарауына жол ашты. Көне түріктердің жазу мәдениеті сонау V ғасырдан бастау алады. Түріктердің төл жазуы және алфавиті рулардың таңбалары негізінде жасалған. Құрамында 35 әріп бар. Оны руна немесе сына жазу деп атаған. Көне руна жазбаларының түркі тілдес халықтарының мәдениетіне қосқан үлесі мен ұлтаралық бірлестікті нығайту мақсатында «Руна жазулары» атты фестиваль өтті. Онда зиялы қауым өкілдері мен этномәдениет бірлестігінің өкілдері қатысты.

РКС: Фестиваль ашық аспан астында өтті. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының құрамындағы татар, чуваш, өзбек, әзербайжан және қырғыз этномәдени бірлестіктері қала тұрғындары мен фестиваль қонақтарын өз ұлтының мәдениетімен таныстырды. Олар ұлттық аспаптарды, қолөнер бұйымдарын ел назарына ұсынды. Сондай-ақ, әр бірлестік ұлттық би билеп, ән айтты.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: РАФАИЛЬ СУЛЬКАРНАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАТАР ЖӘНЕ БАШҚҰРТ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің Қазақстанда түркі халқының бүгін зор мәртебелі байрам күні. Татар-Башқұрт бірлестігінің атынан барша түркі халқын түркі тілдер күнімен құттықтаймыз. Бар халқымызға, қазақ халқына денсаулық, саулық, байлық, бақыт, тыныштық тілейміз.

РКС: Көне жазбалар халық ауыз әдебиетінің дамуына да өз ықпалын тигізгені сөзсіз. Бұл ұлтаралық байланыс пен бірліктің айғақ көрсеткіші.

СНХ: НАЗИМ ШИХАЛИЕВ, «ӘЗІРБАЙЖАНДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» БІРЛЕСТІГІ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің көркем әдебиетте қазақ халқының көне сөздерін кездестіруге болады. Менің есім де қалғаны Қорқыт ата. Ол біздің әзірбайжан тілінде Дәді Қорқыт. Бұл біздің ортақ тарихымыз бен мәдениетіміздің, тіліміздің ұштастығын білдіреді. Осының бәрі бүгінгі жастарға таптырмас құндылық.

РКС: Руна жазбаларының шығу тарихы, оның тарихи маңызы мен тың деректері туралы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры Сәбит Жәмбек тоқтала кетті.

СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Жазу мәдениеті бұл ұлттың, елдің, адамзаттың ақыл ойының, санасының, мәдениетінің үлкен бір белгісі. Ол жазу мәдениеті. Біздің қазақ халқы арғы бабалары түркі заманында біз өзіндік төл жазуға ие болған халықпыз. Кең далада Еуразия кеңістігінде үлкен мәдениет жасаған Ұлы түрік қағанаты, Күлтегін мен Тоныкөк ескерткіштерінде бабалардың тарихы осы руна жазбаларымен жазылып қалған.

РКС: Орта Азия мен Қазақстан аумағында руналық ескерткіштердің ферғаналық және жетісулық тобын кездестіруге болады. Бұларға үлкен- тастардағы, қабір басына қойылған тастардағы тоғыз жазу және Талас өзенінің аңғарындағы Терексай қойнауындағы жартас бетіндегі жазулар, Жамбыл қаласының маңынан табылған керамикадағы жазулар, теңгелер мен тұрмыстық бұйымдардағы ұсақ жазулар мен жекелеген белгілер, ағаш таяқшадағы жазулар және сондай-ақ Шығыс Қазақстаннан табылған екі қола айнадағы руналық жазулар жатады. Шара соңында қонақтар мен зиялы қауым өкілдері өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, астан дәм татты.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.